Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық іс-тәжірибесін тарататын 40 базалық мектептердің 6-8 сыныптарға сабақ беретін мұғалімдері мен мектеп директорларына арналған облыстық семинар-практикум өтті
2018 жылдың 5 желтоқсан күні Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық іс-тәжірибесін тарататын 40 базалық мектептердің 6-8 сыныптарға сабақ беретін мұғалімдері мен мектеп директорларына арналған «Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндерінің оқыту ерекшелігіне сәйкес оқытудағы белсенді тәсілдерін жүзеге асыру әдістері мен стратегиясы» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді. Аталған іс-шараға 138 педагог қатысты.
Іс-шара бағдарламасына сәйкес Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі мұғалімдері қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша «Эссе жазу мен оны бағалау», «Сабақта оқу мақсатына жетуді қамтамасыз ететін тапсырмаларды әзірлеу», Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалы жаттықтырушылары «Тиімді сабақ басқаруға арналған тайм-менеджмент», «Сабақты бірлесіп жоспарлау» атты шеберлік-сыныптарын өткізді. Мектеп директорлары «Мектеп қызметін жоспарлау», «Эмоционалдық зияттың құзыреттілігі мен модельдері» тақырыптар бойынша тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері ағылшын тілінде сабақ беретін әріптестерін CLIL технологиясын қолданудың жолдарымен таныстырды.