Халықаралық зерттеулер - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

«ОЖСБ-ға дайындық кезінде өзін-өзі реттеу және психологиялық қолдаудың элементтері» тақырыбында психологиялық тренингтер өтті

          2019 жылдың 16 қаңтар күні 2018-2019 оқу жылына арналған оқушылардың жетістіктерін сырттай бақылауға (ОЖСБ) дайындық деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес «Zambil_Obl_Metod» бөлмесі  www.sabak.kz  сайтында білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына әдістемелік көмек көрсету және тәжірибелік тұрғыда кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «ОЖСБ-ға дайындық кезінде өзін-өзі реттеу және психологиялық қолдаудың элементтері»  тақырыбында онлайн режимінде психологиялық тренингтер өтті. Аталған іс-шараға барлығы 231 педагог-психолог қатысты.

Аудандарда әдістемелік десанттар өтті

Педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру мақсатында 2019 жылдың 16 қаңтар күні          Жамбыл, Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Талас және Шу аудандарының әдістемелік кабинеттері әдістемелік десанттар өткізді.

Іс-шара барысында мектеп директорлары, мектеп директорының орынбасарлары, пән мұғалімдері, барлығы 158 педагогқа әдістемелік көмек көрсетілді.

Әдістемелік десантта әдіскерлер мен озық тәжірибелі мұғалімдер сабақтарға қатысып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған панорамалық сабақтар, шеберлік сыныптарын өткізді.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында математика пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде дәріс өтті

2019 жылдың 15 қаңтарында zhambul_obl_metod бөлмесінде облыстық  ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының математика пәні мұғалімдері «Олимпиада есептерін шығару тәсілдері» тақырыбында математика пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде дәріс өткізіп, білім алушыларды олимпиадаға дайындаудың тиімді әдістері, олимпиадалық есептердің шығару жолдарымен бөлісе отырып, тәжірибе алмасты.

Аталған іс-шараға облыстың  344 педагогі қамтылды.

Аудандарда әдістемелік десанттар өтті

Педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру мақсатында 2019 жылдың 15 қаңтар күні          Байзақ, Жуалы, Қордай, Меркі аудандарының әдістемелік кабинеттері әдістемелік десанттар өткізді.

Іс-шара барысында мектеп директорлары, мектеп директорының орынбасарлары, пән мұғалімдері, барлығы 193 педагогқа әдістемелік көмек көрсетілді.

Әдістемелік десантта әдіскерлер мен озық тәжірибелі мұғалімдер сабақтарға қатысып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған панорамалық сабақтар, шеберлік сыныптарын өткізді.

Жәутіков атындағы XV Халықаралық    математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің олимпиадасында  ұстазымыз жеңімпаз атанды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық    ғылыми – практикалық      орталығының   ұйымдастырумен   

2019 жылдың 10-13 қаңтар күндері Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері мұғалімдерінің арасында XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті.

 Олимпиада мақсаты – дарынды, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, кәсіби құзіреттіліктерді оңтайлы игергенін көрсете алатын мұғалімдер мен жаттықтырушыларды анықтау, оларды қолдау және марапаттау.

 Олимпиада мазмұны кәсіби құзіреттіліктерді оңтайлы игергенін және білім беру үрдісінде кәсіби педагогикалық шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін олимпиада тапсырмаларын қарастырды. Олимпиада теориялық, методикалық есептерден тұратын екі бөлім қарастырылған.

 Халықаралық олимпиаданың қорытындысы бойынша Айша-бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-интернатының физика пәнінің мұғалімі Әуелбаева Камила Бакытбайқызы жүлделі II – орынды иеленді.

Әуелбаева Камила Бақытбайқызын жеңісімен құттықтаймыз!