Халықаралық зерттеулер - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

«Латын әліпбиіне көшу – заман талабы»  тақырыбында онлайн режимінде семинар өтті

 Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  «Zhambul_obl_metod» бөлмесінде 2018 жылдың 8 қараша күні білім    беру  ұйымдарының   кітапхана    қызметкерлеріне   арналған   «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы»  тақырыбында онлайн режимінде  облыстық семинар өтті.

    Аталған іс-шараға 276 педагог қызметкерлер қатысты.

Мектеп басшыларына арналған дөңгелек үстел өтті

2018 жылдың 7 қарашасында Тараз қаласындағы Қ.Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназияның базасында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық тәжірибесін тарату мақсатында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ тәжірибесін орта білім беру мекемелерінің оқу процесіне енгізу мәселелері» атты облыстық дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық тәжірибесін тарататын 40 базалық мектептердің директорлары және директорлық қызметке резервте тұрған мектеп директорларының орынбасарлары, барлығы 95 адам қатысты.

Іс-шара барысында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық тәжірибесін тарататын 40 базалық мектептердің директорлары оқыту тәжірибесімен бөлісіп, оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау ерекшеліктері мен ұйымдастыру, сол арқылы білім сапасын арттырудың тиімді жолдары туралы пікір алысып, озық педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті.

«Жалпы білім беру мектептерінде тәрбие жұмысын  «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы контекстінде ұйымдастыру тәжірибесі» тақырыбында оқыту семинары өтті

2018 жылдың 2 қараша күні Назарбаев Зияткерлік  мектебінің базасында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының    оқу-әдістемелік кабинеті  Тараз  қаласындағы Назарбаев Зияткерлік  мектебімен  бірлесіп  директордың тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасарларына  арналған  «Жалпы білім беру мектептерінде тәрбие жұмысын  «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы контекстінде ұйымдастыру тәжірибесі», «Шаңырақ» мектеп қауымдастығын  құру»  тақырыптарында оқыту семинары өткізілді, барлығы 120 педагог  қатысты.

Семинардың   мақсаты - білім беру ұйымдарында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын жүзеге асырудағы жаңа ақпараттық кеңістігін құру, НЗМ-нің тәрбие жұмыс жүйесін тарату, қарым-қатынастық құзіреттіліктің артуына қолайлы жағдай жасау.

ТОЛЫҒЫРАҚ

«Сюжеттік – рөлдік ойындар арқылы балалардың театрландырылған әрекеттерін дамыту» тақырыбында мектепке дейінгі ұйым педагогтарына арналған облыстық семинар-практикум өтті

2018 жылы 31 қазан күні Сарысу ауданы, «Болашақ» бөбекжай-бақшасының базасында мектепке дейінгі ұйым педагогтарына арналған «Сюжеттік – рөлдік ойындар арқылы балалардың театрландырылған әрекеттерін дамыту»тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

Семинарға 38 педагог қатысып, тәжірибе алмасты. Іс-шара барысында ұйымдастырылған оқу қызметі, тренингтер жүргізілді.

«Байқау талаптары мен критерийлері» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өтті

2018 жылы 31 қарашада Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтің талаптарын сапалы орындау мақсатында «Орта білім беретін үздік ұйым», «Үздік педагог» атты мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі бойынша «Байқау талаптары мен критерийлері» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өтті.

Семинарға аудандық және Тараз қалалық білім бөлімдерінің жауапты әдіскерлері, мектеп әкімшілігі, педагогтар, барлығы 349 адам қатысты.

Облыстық онлайн-семинар барысында «Орта білім беретін үздік ұйым» байқауы стандартының талаптары», «Үздік педагог» байқауы стандартының талаптары» тақырыптарында ақпараттық презентациялар көрсетіліп, баяндамашылар өз ой-пікірлерімен бөлісті.