Халықаралық зерттеулер - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

«Мектептегі психологиялық қызметте ата-аналармен кеңес беру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру әдістерін жүйелеу» тақырыбында облыстық вебинар өтті

2021 жылдың 29  қаңтар күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған «Мектептегі психологиялық қызметте ата-аналармен кеңес беру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру әдістерін жүйелеу»  тақырыбында облыстық вебинар өткізді.

Вебинардың мақсаты – білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына әдістемелік көмек көрсету және психологиялық қызметте  ата-аналармен  қашықтан оқыту жағдайында  жүргізілетін жұмыстарды   тиімді ұйымдастыру.

Вебинар барысында әлеуметтік-психологиялық қызметте ата-аналармен қашықтан оқыту жағдайында жүргізілетін жұмыстардың ерекшеліктері мен  жұмыс бағыттарын жетілдіру бойынша ұсынымдар беріліп, тиімді әдістері талқыланды. Өткізілген іс-шараға барлығы  186 педагог қатысты.

Маңғыстау облысының педагогтарымен тәжірибе алмасу вебинары өтті.

                 2021 жылдың 28 қаңтар күні Маңғыстау облысының білім қызметкерлері үшін «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» тақырыбында тәжірибе алмасу вебинары өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің бөлім жетекшісі, халықаралық зерттеулер бойынша облыстық координатор Ш.Жамалбекова тәжірибелік таныстырылым арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

Вебинар барысында Байзақ ауданы Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының директоры Г.С.Ермекова, Тараз қаласы №24 гимназия директорының орынбасары О.В.Криштопина, Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің әдіскері, аудан үйлестірушісі А.Т.Бейбітова, Меркі ауданы Т.Рысқұлов атындағы №20 орта мектебі директорының орынбасары С.Д.Демесінова оқушылардың математикалық, жаратылыстану және оқу  сауаттылықтарын арттырудың тиімді жолдарын көрсетті.

Аталған вебинарға  Маңғыстау облысы білім басқармасының 246 облыстық (аудандық) әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, мектеп директорлары мен оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Іс-шара барысында Маңғыстау облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының директоры м.а А.А.Кашкинов, жаратылыстану-математика бөлімінің жетекшісі Ш.О.Қиянова халықаралық зерттеулер бойынша ашық диалогтық алаңда іс-тәжірибе алмасу бағытында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұжымына алғыстарын білдірді.

«Танымдық оқиға баланың жеке қабілетін дамыту тәсілі»  тақырыбында семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласындағы филиалымен бірлесе отырып, 2020-2021 оқу  жылына  арналған  жаңартылған орта білім мазмұнын енгізу жағдайында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің  іс-тәжірибесін орта білім беру ұйымдарына трансляциялау бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ағымдағы жылдың   26 қаңтар күні мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері мен әдіскерлеріне арналған «Танымдық оқиға баланың жеке қабілетін дамыту тәсілі» тақырыбында онлайн режимінде семинар өткізді. Zoom платформасында өткен іс-шараға  300 педагог  қатысты.

Іс-шара барысында  семинар қатысушылары  мектеп жасына дейінгі  балалардың оқу әрекетіне бақылауды жүргізу ерекшеліктері, танымдық оқиға жазу қадамдары мен талдау жолдары (баланың қызығушылығын байқау, қызығушылықты түсіну, сұрақтарға жауап беру, керек мәліметтерді жазып алу, жазбаларға қайта оралу),  ата-аналармен жүргізілетін бірлескен жұмыс түрлері бойынша тәжірибе алмасты.

ОБЛЫСТЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

Қашықтан оқыту жағдайында мектепті басқару жүйесінің сапалы ұйымдастырылуы, білім сапасын арттырудың тиімді жолдары бойынша әдістемелік көмектер көрсету, жас мектеп басшыларының  басқару мәдениетін дамыту, ақпараттық-әдістемелік қолдау көрсету мақсатында 2021 жылдың 27 қаңтарында «Мектеп басшыларының ақпараттық комуникативтік құзыреттілігін дамыту бағытындағы креативті жобалары» атты облыстық онлайн тәжірибелік семинар өтті.

Аталған іс-шараға мектеп әкімшілігімен жұмыс жүргізетін жауапты әдіскерлер, жаңа тағайындалған мектеп директорлары, барлығы               198 адам қатысты.

          Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 13 тамыз  2020 жылғы №345

оқыту жағдайында  мекемені басқаруды тиімді ұйымдастырылуы, білім сапасы: сандық және сапалық талдау, сапаны бақылау өлшемдері, Білім беру үдерісін басқаруды ақпараттық  сүйемелдеу тәсілдері, мұғалім портфолиосы сандық үдерісте, яғни, мектеп портфолиосы бөлімдерін қалыптастыру алгоритмі  бойынша ақпараттық-әдістемелік құзыреттілін дамыту бағытында креативті жобаларды қолдану шеберлігімен тәжірибе алмасып, әдістемелік көмек берілді.

«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың әдістемелік ерекшеліктері» тақырыбында облыстық әдістемелік-кеңес өтті

2021 жылдың  21 қаңтар күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» пәні әдіскерлерінің әдістемелік кеңістігінің қалыптасуына жағдай жасау арқылы кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2021 жылдың 21 қаңтар күні «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың әдістемелік ерекшеліктері» тақырыбында облыстық әдістемелік-кеңес өтті.

 Әдістемелік-кеңес барысында 2021 жылдың жұмыс жоспары мен бағыттары талқыланып, әдіскерлерге қашықтан оқыту жағдайында желілік қауымдастықта «Өзін-өзі тану» сабағын ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдері туралы ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.

Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 11 әдіскер қатысты.