Халықаралық зерттеулер - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

«Алтын жүрек анамыз» тақырыбында облыстық ашық сабақтар шеруі өтті

2021 жылдың 5 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Назарбаева Сара Алпысқызының 80 жасына орай «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асырудағы үздік педагогикалық тәжірибелерді насихаттау мақсатында «Алтын жүрек анамыз» атты облыстық ашық сабақтар шеруі өтті.

Аталған іс-шара барысында пән мұғалімдері оқушыларға өзгермелі жағдайда «Өзін-өзі тану» пәні бойынша сапалы білім алуға мүмкіндік беру, оларға осы әлеуметтік-экономикалық жағдайда табысты бейімделуге және жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуының негізі болып табылатын жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстанудың маңыздылығы идеясын ашып көрсетті.

 Атап айтсақ, Тараз қаласының №47 орта мектебінің мұғалімі Қ.Кентаева, №24 гимназиясының мұғалімі Н.Сейткеримова, Жамбыл ауданы Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Т.Сырғабаева, В.Чкалов атындағы орта мектебінің мұғалімі Б.Каримова, Қордай ауданы №1 мектеп-гимназияның мұғалімі Ұ.Баймакашева, Сарысу ауданы М.Әуезов атындағы мектеп-гимназияның мұғалімі Ж.Момбекова өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шараға аудандар мен Тараз қаласынан 97 мұғалім,  113 оқушы қатысты.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 5 ақпанында Жамбыл облысының  білім саласында  сапаны қамтамасыз ету департаментінің ағымдағы жылдың І жартыжылдығында  жоспарланған профилактикалық бақылаудан өтетін жалпы білім беретін мектеп  (облыс бойынша 14 мектеп)  директорларының оқу ісі және ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарларына ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Оқу -тәрбие үрдісін ұйымдастыруда  әдістемелік қызметтің сапасын  арттыру» атты облыстық вебинар өтті. Вебинарға    14 мектептен жалпы 33 адам қатысты.

Вебинар барысында  мектептегі әдістемелік қызмет сапасын арттыруға бағыт-бағдар беріліп, тиісті нормативті-құқықтық құжаттар талаптарының сапалы орындалуы туралы кеңес берілді. Білім беру ұйымдарында әдістемелік қызмет сапасын жақсарту мен шығармашыл педагог қалыптастыру,педагогтердің кәсіби біліктілігін арттырудың тиімді жолдары туралы ақпараттық-әдістемелік түсіндіру жүргізілді.

«Қашықтықтан оқыту жағдайында үшінші, төртінші тоқсандардағы оқу процесін жоспарлау» тақырыбында география пәні әдіскерлері мен мұғалімдеріне арналған қашықтықтан вебинар өтті

       Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 4 ақпан  күні «Қашықтықтан оқыту жағдайында үшінші, төртінші тоқсандардағы оқу процесін жоспарлау»  тақырыбында  география пәні әдіскерлері мен мұғалімдеріне арналған  вебинар  өтті. Вебинарға 139 педагог қатысты.

          Вебинар барысында үшінші, төртінші тоқсандардағы оқу процесін жоспарлауға  бағытталған әдістемелік кеңестер ұсынылды.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында химия пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде вебинар өтті

        2021 жылдың  4 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  ZOOM платформасында Айша бибі атындағы  облыстық дарынды қыз балаларға  арналған  мамандырылған  «Білім-инновация» лицей-интернаты мен облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандырылған « Білім-инновация» лицей-интернатының    тәжірибелі мұғалімдері «Тепе-теңдік (Equilibrium) тақырыбын түсіндірудің тиімді сценарийін  жасау (Химия, 10 сынып)», «Қашықтықтан оқыту барысында Zoom платформасын тиімді пайдалану »тақырыптарында химия пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде вебинар өтті.

        Іс-шара барысында Zoom платформасын тиімді пайдалану арқылы химия сабағында интерактивті оқыту, топтық жұмыс, бағалау және тест тапсырмаларын ұйымдастырудың  тиімді әдіс -тәсілдерін көрсетті.

Аталған іс-шараға облыстың   76 химия      пәні мұғалімдері қатысты.

«География сабағында оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын арттыру мәселелері»  тақырыбында шеберлік сыныбы өтті

      Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 3 ақпан күні «География сабағында оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын арттыру мәселелері» тақырыбында  география пәні мұғалімдеріне арналған онлайн  режимінде  облыстық  шеберлік  сыныбы  өтті.

      Меркі ауданы №44 орта мектебінің география пәні мұғалімі Г.Найзабекова «География сабағында оқушылардың танымдық қабілетін белсендіре отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру»,  «Үздік тәжірибе – оқу-тәрбие үрдісіне», «Мұғалімнің шығармашылығы»  тақырыптарында  іс – тәжірибесімен бөлісті. Аталған іс-шараға барлығы     198  педагог қатысты.