Халықаралық зерттеулер - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

«Физика, математика пәндерін оқытудың ерекшеліктері мен тиімді жолдары» тақырыптарында облыстық вебинар өтті

2021 жылдың  3 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен математика пәнінің мұғалімдеріне арналған «Физика, математика пәндерін оқытудың ерекшеліктері мен тиімді жолдары» тақырыптарында Байзақ (Н.Ақшабаев атындағы о/м),      Жамбыл                (№1 о/м), Жуалы (№19, №29 о/м), Қордай (№27, №43 о/м), Т.Рысқұлов (Ақтоған, Ә.Бөкейханов атындағы о/м), Сарысу (Абылай хан, Б.Адамбаев  атындағы о/м), Талас (А.Пушкин атындағы о/м) аудандарының және  Тараз қаласының (№3, №25, №47 о/м) 14 мектебіне облыстық вебинар өтті.

Іс-шараның мақсаты – физика, математика пәндерін мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету.

Вебинар барысында физика, математика пәндерін оқытудың ерекшеліктері, әдістемелік бірлестік жұмысы, тәлімгерлік, жас мамандармен жұмыс жүргізу бағыттары, жиынтық бағалау тасырмаларын, оқушылардың функционалдық  сауаттылығын арттыру аясында TIMS,PISA зерттеулерінің тест тапсырмаларының құрылымы бойынша  әдістемелік ұсынымдар беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді. Аталған     іс-шараға аудандар мен Тараз қаласы мектептерінен              89   физикаматематика  пәні мұғалімдері  қатысты.

«Пәнді оқытуда окыту мен оқуды ұйымдастыру жолдары»  тақырыбында облыстық  вебинар  өтті

       Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2021  жылдың 3 ақпан  күні  аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің жауапты әдіскерлері мен  бастауыш сынып мұғалімдері үшін  «Пәнді оқытуда окыту мен оқуды ұйымдастыру жолдары»  тақырыбында  Байзақ (Н.Ақшабаев атындағы орта мектебі),  Жамбыл (№1 орта мектебі),  Жуалы (№19, №29 орта мектептер), Қордай (№27, №43 орта мектептер), Т.Рысқұлов (Ақтоған, Ә.Бөкейханов атындағы орта мектептер),  Сарысу (Абылай хан, Б.Адамбаев атындағы орта мектептер), Талас (А.Пушкин атындағы орта мектебі) аудандарының және Тараз қаласының (№3, №25, №47 орта мектептер) 14 мектебіне облыстық вебинар өтті. «Zооm» бейнебайланыс режимінде өткен іс-шараға аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, бастауыш сынып мұғалімдері, барлығы 162  педагог қатысты. 

Вебинар  қатысушылары  2020-2021 оқу жылының үшінші және төртінші тоқсандардағы БЖБ және ТЖБ саны бойынша коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері, «Кері дизайн» әдісін тәжірибеде тиімді қолдану жолдары, сабақты жоспарлау барысында бастауыш сынып пәндерді оқытудың ерекшеліктері бойынша тәжірибе алмасты.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың әдістемесі» тақырыбында облыстық вебинар өтті

2021 жылдың  2 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың әдістемесі» атты Байзақ (Н.Ақшабаев атындағы о/м), Жамбыл (№1 о/м), Жуалы (№19, №29 о/м), Қордай (№27, №43 о/м), Т.Рысқұлов (Ақтоған, Ә.Бөкейханов атындағы о/м), Сарысу (Абылай хан, Б.Адамбаев  атындағы о/м), Талас (А.Пушкин атындағы о/м) аудандарының және  Тараз қаласының (№3, №25, №47 о/м) 14 мектебіне облыстық вебинар өтті.

Вебинар барысында педагогтарға «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың әдістемелік ерекшеліктері, қашықтан оқыту жағдайында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша сапалы білім алуға мүмкіндік беру және жобалық жұмыс жүйесін тиімді ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.

Іс-шараға аталған мектептерден жалпы 37 педагог қатысты.

 

ОБЛЫСТЫҚ ВЕБИНАР ӨТТІ

         2021 жылдың 3 ақпанында  Жамбыл облысы әкімдігі білім    басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, халықаралық зерттеулерге жауапты мектеп үйлестірушілеріне арналған «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» тақырыбында тәжірибе алмасу вебинары өтті.

       Вебинарға Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Мойынқұм, Меркі аудандары білім беру ұйымдарының мектеп директорлары мен директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары барлығы  361 адам қатысты.

          Вебинар барысында мектеп басшыларына PISA, TIMSS, PIRLS, TALIS, ICILS, PIAAC халықаралық зерттеулерінің негізгі бағыттары, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы PISA индикаторлары, білім алушылардың халықаралық зерттеулерге қатысудағы негізгі міндеттері, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы ізденіс-тәжірибелері, нәтижелері, халықаралық зерттеулерінің даму стартегиясы, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруда математикалық сауаттылығын, жаратылыстану сауаттылығын және  оқу сауаттылығын дамытудың  әдіс-тәсілдері, 2021 жылы PIRLS халықаралық зерттеулеріне дайындық жұмыстары туралы мазмұнды  ақпараттық-әдістемелік көмектер көрсетілді.

"Пәнді оқытуда оқу сауаттылығын дамытудың тиімді жолдары" атты онлайн вебинар өтті

 2021 жылдың 2 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері мен әдіскерлеріне арналған "Пәнді оқытуда оқу сауаттылығын дамытудың тиімді жолдары" тақырыбында  Байзақ (Н.Ақшабаев атындағы орта мектебі),  Жамбыл (№1 орта мектебі),  Жуалы (№19, №29 орта мектептер), Қордай (№27, №43 орта мектептер), Т.Рысқұлов (Ақтоған, Ә.Бөкейханов атындағы орта мектептер),  Сарысу (Абылай хан, Б.Адамбаев атындағы орта мектептер), Талас (А.Пушкин атындағы орта мектебі) аудандарының және Тараз қаласының (№3, №25, №47 орта мектептер) 14 мектебіне облыстық вебинар өтті. Іс-шараға аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, барлығы 59 педагог қатысты.

          Іс-шара барысында шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру, жаңартылған орта білім мазмұны бойынша білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау жүргізудің тәртібі, пәнді оқытудың ерекшеліктері, пәнді оқытуда оқу сауаттылығын дамытудың тиімді жолдары бойынша мәселелер талқыланды.