Халықаралық зерттеулер - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

«Қысқы мектеп» жобасы аясында  биология  пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде семинар өтті

          2021 жылдың  19 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  ZOOM бейнебайланыс режимінде  облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған  «Дарын» мектеп-интернатының тәжірибелі мұғалімі Саркулова Салтанат Калабековна                  «Разработка заданий для суммативного оценивания  в 7 классах по биологии» тақырыбында биология пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде семинар өтті.

Іс-шара барысында биология пәнінен үшінші тоқсанның бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру жолдары, бағалау критерийлері, балл қою сызбасы, рубрика әзірлеу бойынша ұсынымдар берілді. Аталған іс-шараға облыстың 121 биология  пәнінің мұғалімдері қатысты.

 

«Латын графикасы: жаңа қазақ әліпбиі және орфография мәселелері» тақырыбында ашық диалог алаңы өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2021 жылдың 19 ақпанында қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия мақұлдаған жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емле ережесін (әріптердің емлесі, түбір сөздердің емлесі, қосымшалардың жалғануы, бөлек жазылатын сөздердің емлесі, бірге жазылатын сөздердің емлесі, дефиспен жазылатын сөздердің емлесі, бас әріптің емлесі,  қысқарған сөздердің емлесі, кірме сөздердің емлесі, сөздердің тасымалдануы) қолданудың тиімді жолдарын меңгеру мақсатында облыстық онлайн ашық алаңы өтті.

Іс-шара барысында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Филология және журналистика» кафедрасының аға оқытушысы, «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің бас маманы Мырзабаева Балмира Жүнісбекқызының   қатысуымен    жаңа жазуды үйрену барысында диакритикалық таңбасы бар төл әріптердің графикалық сұлбасын санаға мықтап орнату қажеттігі, жаңа әліпбиді түзу барысында негізге алынған графикалық, психологиялық, техникалық, әдістемелік ұстанымдар, жаңа емле ережені жасағандағы басты назарға алынған принциптерге (фонематикалық, дәстүрлі, фонетикалық, морфологиялық) кеңінен тоқталды. Мұғалімдерге латыннегізді қазақ әліпбиімен жазылған нақты тапсырмалар беріліп, ъ, ь, е, э, щ, ц әріптері бар шеттілдік сөздерді тіліміздің айтылым заңына сай жазылатындығы туралы айтылды.

«Латын графикасы: жаңа қазақ әліпбиі және орфография мәселелері» тақырыбында ашық диалог алаңға аудандық (қалалық) білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты білім мекемелерінен 300 мұғалім (бастауыш сынып мұғалімдері, қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын және тарих пәнінің мұғалімдері) қатысты.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері үшін 2021 жылдың 18 ақпанында «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдістемелік бірлестігінің жұмысы: Тәжірибе. Ұсыныс» тақырыбында облыстық онлайн кеңес өтті.

Іс-шара барысында Байзақ ауданы Сарыкемер мектеп-гимназиясының, Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдістемелік бірлестік жетекшілері жаңартылған білім беру жағдайында дарынды балалармен жүргізілген жұмыстың нәтижесі, оқушыларды ғылыми ізденіске баулу жолдары, жас мамандармен тәлімгерлік жұмысының барысы және бірлестік жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктерімен бөлісті.

          Облыстық онлайн кеңеске аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 117 педагог қатысты. 

«Физика, математика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін  дамыту жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өтті

2021 жылдың  18 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Ауыл мектебі» жобасы аясында Байзақ ауданы Н.Ақшабаев атындағы орта мектебі, Жамбыл ауданы Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының  физика, математика  пәні мұғалімдеріне арналған «Физика, математика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін  дамыту жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өтті.

Іс-шараның мақсаты - физика, математика  пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету.

Вебинар барысында педагог портфолиосы құрылымы,  үшінші және төртінші тоқсандардағы БЖБ және ТЖБ өткізу, қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау, бағалау қағидаттары, оқушылардың функционалдық  сауаттылығын дамыту аясында TIMS, PISA зерттеулерінің тест тапсырмаларының құрылымы бойынша  әдістемелік ұсынымдар беріліп,  әдістемелік көмек көрсетілді.

Іс-шараға  Байзақ ауданы мен Жамбыл ауданы мектептерінен 16  педагог қатысты.

«Ағылшын тілін қашықтан оқыту жағдайында заманауи тәсілдерді қолданудың тиімділігі» тақырыбында облыстық онлайн-кеңес өтті

          2021 жылдың 17 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «Ағылшын тілін қашықтан оқыту жағдайында заманауи тәсілдерді қолданудың тиімділігі» тақырыбында облыстық онлайн-кеңес өтті.

Іс-шараның мақсаты – қашықтан оқыту жағдайында ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, тәжірибе алмасу.

Онлайн-кеңес барысында педагогтарға ағылшын тілі пәні сабақтарында  оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмалар құрастыру, оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру, қашықтан оқыту жағдайында білім беру платформаларын қолданудың ерекшеліктері, «төңкерілген сабақтар» жүйесі бойынша әдістемелік ұсынымдар беріліп, дидактикалық материалдар таратылды.

Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 11 әдіскер,              130 ағылшын тілі пәні мұғалімі, барлығы 131 педагог қатысты.