Халықаралық зерттеулер - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

«Зайырлылық және дінтану негіздері»  факультативтік  курсы: теория және тәжірибе» тақырыбында облыстық   семинар-практикум өтті

2021 жылдың 24 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен әдіскерлер мен «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсынан сабақ беретін мұғалімдерге арналған «Зайырлылық және дінтану негіздері»  факультативтік курсы: теория және тәжірибе» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

Іс-шараның мақсаты – «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсы мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, тәжірибе алмасу.

Іс-шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Дінтану орталығының» бас маманы, дінтанушы Б.Алпысбаев, Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» ақпараттық-түсіндіру бөлімінің басшысы Е.Жақыпов, инспектор Б.Бекмолдаев қатысты.

Облыстық семинар-практикум барысында педагогтарға «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын оқытудың ерекшеліктері, дін саласындағы саясат, мемлекеттегі тыйым салынған деструктивті ағымдар мен олардың белгілері, курсты жүргізу барысында рұқсат етілген сандық ресурстар, әлеуметтік желілердегі дінге байланысты ақпараттарды талдау жұмыстары, талдамалық интернет картамен жұмыс бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді. Курсты жүргізуде өздерінің іс-тәжірибесімен бөліскен педагогтар ақпараттық дайджестер мен панорамалық сабақтар көрсетіп, дидактикалық материалдар таратылды. Семинар-практикум педагогтардың өзара тәжірибе алмасуына ықпал етті.

Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 11 әдіскер,              167 «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсының мұғалімі, барлығы 178 педагог қатысты.

«География сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда PISA  тапсырмаларының  ерекшелігі» тақырыбында қашықтан вебинар өтті

       Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың  24 ақпан  күні «География сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда PISA  тапсырмаларының  ерекшелігі»  тақырыбында география пәні әдіскерлері мен мұғалімдеріне арналған  вебинар  өтті. Вебинарға               211  педагог  қатысты.

          Вебинар барысында қашықтан  оқытуда білім алушыларға PISA зерттеулерінің әдісі мен тест тапсырмаларын құрудағы қиындықтардың шешу жолдарын, логикалық ойлауын және стандарт талаптарына сай берілген тапсырмаларды орындаумен қатар оқушының өмірде қолдана алатындай тапсырмалар құрастыру жолдары  көрсетіліп, ақпараттық әдістемелік  көмек көрсетілді.

         Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне 2021 жылдың 24 ақпанында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған білім алушылардың оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін үдеріс - білім алушыларды қорытынды аттестаттау емтиханының сипаттамалары мен талаптарын меңгерту мақсатында «9 сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті                   (Т1, Т2) пәні бойынша қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру, өткізу және бағалау ерекшеліктері» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті.

 Іс-шара барысында Білім алушыларды қорытынды аттестаттау материалдарын дайындау кезеңдері (пәндер бойынша тест спецификацияларына шолу, емтихан материалдарына қойылатын талаптар, емтихан материалдарының мазмұны, бағалау міндеттері, балдардың үлестірілуі, емтихан жұмысы үшін балдар мен бағаларды қою үдерісі, тапсырма түрлерімен(ашық және жабық типті тапсырмалар) танысып,  тапсырмаларды тиімді ұйымдастыру жолдарын ұсынды.

    Облыстық онлайн семинарға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 284 педагог қатысты. 

«Алаштың ардағы Ыбырай Алтынсариннің жүріп өткен жолымен...» тақырыбында облыстық танымдық сағаты өтті

 Облыстық біфлім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 24 ақпанында Ыбырай Алтынсариннің               180 жылдық мерейтойына орай жалпы орта білім беретін мектептердің                   8-10 сынып оқушыларына «Алаштың ардағы Ыбырай Алтынсариннің жүріп өткен жолымен...» тақырыбында облыстық танымдық сағаты өтті.    

Танымдық сағаттың мақсаты – қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің еңбектерін насихаттау,  эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту және рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу арқылы өмірлік танымдарын қалыптастыру.

Іс-шара барысында шағын әңгіме шебері, әңгіме арқылы тәрбиелеуші- Ыбырай шығармаларының еңбексүйгіштікке тәрбиелеу арналары, өсиет өлеңдеріндегі, аудармаларындағы адамгершілік мәселесі, парасатты тұлғаға бағытталған құндылықтар жайлы кеңінен тоқталды.

Танымдық сағатқа жалпы орта білім беретін мектептердің                                     300 оқушысы қатысты.

Мектепалды даярлық сынып педагогтері үшін  облыстық онлайн вебинар өтті

 Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  2021 жылдың 24 ақпан күні мектепалды даярлық сынып педагогтеріне арналған «Педагогтің көшбасшылығы және педагогикалық қоғамдастықпен өзара әрекеттесуі» тақырыбында zoom бейнебайланыс режимінде облыстық онлайн вебинар өтті.

Іс-шара барысында педагог пен тәрбиеленушінің педагогикалық үрдістегі өзара белсенділігі және педагогикалық қарым-қатынас ерекшеліктері жайлы толық мағлұмат алып, электронды дидактикалық таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.

Аталған іс-шараға облыстың  171 педагогі қамтылды.