«Білім алушылардың аутодеструктивті мінез-құлықтарын алдын - алу бойынша педагог-психолог қызметін ұйымдастыру жолдары» тақырыбында онлайн режимінде облыстық семинар өтті
2018 жылдың 12 қараша күні www.sabak.kz сайты, Zhambil_obl_UMC бөлмесінде «Білім алушылардың аутодеструктивті мінез-құлықтарын алдын - алу бойынша педагог-психолог қызметін ұйымдастыру жолдары» тақырыбында облыстық онлайн режимінде семинар өтті. Аталған іс-шараға директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагог-психологтар, барлығы 1108 педагог қатысты.
Семинарға қатысушылар мектептегі-психологиялық қызметті жетілдіру барысында психологиялық қызметтің негізгі жұмыс бағыттары бойынша әдістемелік көмектер алды, тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе алмасты және таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.