«Геогафия пәнінен ҰБТ – де кездесетін географиялық есептерді шешу жолдары» тақырыбында қашықтан вебинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 12 сәуір күні «Геогафия пәнінен ҰБТ – де кездесетін географиялық есептерді шешу жолдары» тақырыбында география пәні әдіскерлері мен мұғалімдеріне арналған вебинар өтті. Вебинарға 231 педагог қатысты.
Вебинар барысында география сабағындағы оқытудың белсенді әдістері арқылы географиялық есептерді математикалық жолмен шешудің тиімді жолдары көрсетілді.
Іс-шара барысында материктің көлемін анықтау, профиль түсіру, жылдық жауын-шашын мөлшері, су шығыны, ағыс жылдамдығы, ұзындығы, ылғалдану коэфиценті, өзен еңістігі, халықтың тығыздығы, демографиялық есептеулер, экономикалық даму деңгейі, ауыл шаруашылығына жарамды жер қоры, халықтар тығыздығы, миграция ағымы, халықтың өсімі мысалдар арқылы түсіндірілді. Оқушылардың қабілеттерін дамыту бойынша логикалық ой қозғаудағы әдіс тәсілдерін және ҰБТ-да кездесетін есептердің шығарылуына бағытталған әдістемелік кеңестер ұсынылды.