Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру - Оқу-әдістемелік кабинет

Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру

Облыстық жас педагогтар үшін  «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты сырттай байқау өтті

2021 жылдың  14 сәуір күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен жас педагогтардың арасында  «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз»атты облыстық сырттай байқау өтті.

Іс-шараның мақсаты – жас педагогтардың әлеуметтік статусын және шығармашылық потенциалын белсендіру, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау.

Байқау барысында қатысушы жас мамандар «Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз» (эссе), «Шығармашылық жолдың бастамасы» (өзін-өзі таныстыру), «Ашық бейнесабақ» кезеңдері бойынша өз бақтарын сынады. Байқауға Тараз қаласы мен облыс аудандарынан барлығы 13 жас маман қатысты.

Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені Жамбыл ауданы, Айшабибі орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Қ.Яхудаева, І орынды Меркі ауданы, №5 Ақарал мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі М.Ағлыев, ІІ орынды Байзақ ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Т.Нурдинова мен Талас ауданы  №1 мектеп-лицейдің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Абдуллаева, ІІІ орынды Т.Рысқұлов ауданы, Жамбыл атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі А.Тілеуханов, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ІТ лицей-интернатының физика пәнінің мұғалімі А.Мұрат, Тараз қаласы, Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Оразалиева иеленді.  

Жас мамандарды жеңісімен құттықтаймыз!!!

«Қашықтан оқыту жағдайында бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу жолдары» тақырыбында облыстық  онлайн вебинар өтті

Облыстық білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен 2021 жылдың 16 сәуір күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Қашықтан оқыту жағдайында бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу жолдары» тақырыбында Zoom  бейнебайланыс режимі арқылы облыстық вебинар өткізілді.

Аталған іс-шараға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің жауапты  әдіскерлері мен бастауыш сынып мұғалімдері, барлығы 208 педагог  қатысты.

Іс-шара  барысында бастауыш сынып мұғалімдері қашықтан оқыту жағдайында бөлім/тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу жолдары, оқушылардың функционалдық және сыни сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар түрлері, тест спецификация, қолжетімді нәтижені анықтайтын бағалау құралдары, білім беру платформаларын тиімді пайдалануы бойынша тәжірибе алмасып, электронды таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.

 

«Пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту (CLIL)»  тақырыбында облыстық семинар өтті

 Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі және Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесе отырып, 2020-2021 оқу жылына арналған Назарбаев Зияткерлік мектептерінің  іс-тәжірибесін орта білім беру ұйымдарына трансляциялау бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында 2021 жылдың 15 сәуір күні  жалпы орта білім беретін мекемелердің жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндердің педагогтеріне арналған «Пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту (CLIL)»  тақырыбында  облыстық семинар  өткізді.  

         Zoom  бейнебайланыс режимі арқылы өткен семинарға 204   педагог қатысты.

Іс-шара бағдарламасына сәйкес жаратылыстану-математикалық бағытындағы пән  мұғалімдері тілдік интеграциялық оқыту, CLIL  технологиясын іске асыру барысында  жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдары бойынша тәжірибе алмасты.  

Облыстық онлайн вебинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  2021 жылдың 16 сәуір күні аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің мектепке дейінгі ұйымжәне мектепалды даярлық  әдіскерлеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие мен оқытуды дамытудың қазіргі заманғы тәсілдері» тақырыбында zoom бейнебайланыс режимінде облыстық онлайн вебинар өтті.

Іс-шара барысында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі таныстырылып, әрбір іс-шараларға дайындық жұмыстарының жүйелі жүргізілуі туралы ұсыныстар айтылды.

Сондай-ақ, Талас, Сарысу аудандары білім бөлімдерінің мектепке дейінгі ұйым және мектепалды даярлық әдіскерлері мектепке дейінгі ұйымдарға, педагогтерге көрсетіліп жатқан ақпараттық-әдістемелік қолдау бағыттары бойынша іс-шаралар туралы әріптестерімен тәжірибе алмасты.

          Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 14 сәуір күні педагог-психологтардың шығармашылық зертханасы жобасы аясында  «Мектептегі психологиялық қызметтің маңыздылығы және оны жетілдіру жолдары» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасайтын үздік педагог-психологтарының озық іс-тәжірибесі таратылды. Аталған іс-шараға 126  педагог қатысты.                                                      

        Мектептегі психологиялық қызметті жетілдіру бағыттары бойынша  жүргізілетін жұмыстардың тиімді жолдарын қарастыру, озық  идеялы тәжірибені тарату, әдістемелік  көмек көрсету, өзара  тәжірибе  алмасу, жаңашыл бастамаларға қолдау көрсету мақсатында өткізілді.

          Іс-шара барысында ІХ Республикалық «Жылдың үздік психологі 2020» байқауының жеңімпазы, Тараз қаласы, №24 мектеп-гимназиясының педагог-психологі А.Жандарова және VІ Республикалық «Жылдың үздік психологі 2017» байқауының  жеңімпазы, Меркі ауданы, №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының педагог-психологі Р.Молдобекова іс-тәжірибелерімен  бөлісті.