ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету - Оқу-әдістемелік кабинет

ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

«Жазғы мектеп» жобасы аясында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сыныптары өтті

2018 жылдың 26 қыркүйегінде zhambul_obl_metod бөлмесінде облыстық ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының озық тәжірибелі мұғалімдері «Грамотность чтения как компонент функциональной грамотности», «Эффективные интерактивные методы работы на уроках русского языка» тақырыптарында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сыныптарын  өткізді. Аталған іс-шараға облыстың 492 педагогі қамтылды.

«Жазғы мектеп» жобасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сыныптары өтті

2018 жылдың 21 қыркүйегінде zhambul_obl_metod бөлмесінде үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің озық тәжірибелі мұғалімдері «Жаңартылған білім мазмұны жағдайында қазақ тілі сабағында функционалдық сауаттылықты дамыту», «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу дағдыларын дамыту» тақырыптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сыныптарын  өткізді. Аталған іс-шараға облыстың 1548 педагогі қамтылды.

Астананың 20 жылдығына арналған «Астана – бейбітшілік бесігі» атты жалпықазақстандық ашық диктант өтті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 наурыздағы №159 қаулысымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 48-тармағына сәйкес  «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында ағымдағы жылдың 20 қыркүйек күні сағат 11.00-де  облыстың білім беру ұйымдарында «Астана – бейбітшілік бесігі» тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді.

Ашық диктанттың мақсаты мемлекеттік тілді білуге қызығушылықты арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.

Жалпықазақстандық ашық диктантқа 8-11 сынып оқушылары   мен колледж студенттері, барлығы    37494  білім  алушы   қатысты. Оның ішінде 29417-сі  қазақ, 2129-ы орыс, 1003-і өзбек, 597-сі түрік, 2277-сі дүнген, 522-сі күрді, 236-сы кәріс, 98-і неміс, 11-і ұйғыр және 1204-і тағы басқа ұлт өкілдері.

«Жазғы мектеп» жобасы аясында ағылшын тілі мен тарих  пәндері мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сыныптары өтті

2018 жылдың 19-20 қыркүйегінде zhambul_obl_metod бөлмесінде облыстық Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация», облыстық ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаттарының озық тәжірибелі мұғалімдері «Digital Literasy» инновациялық технологияларды тиімді пайдалану», «Бағалаудың дұрыстығы мен сенімділігі», «Оқушының көшбасшылық қабілетін арттыру», «Тарих пәнінен оқушы белсенділігі мен шығармашылығын арттыруда сын тұрғысынан ойлау әдістерінің тиімділігі»  тақырыптарында ағылшын тілі, тарих пәндерінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сыныптарын  өткізді. Аталған іс-шараға облыстың 1309 педагогі (ағылшын тілі пәнінен – 723, тарих пәнінен - 586) қамтылды.

«Отбасы тәрбиесіндегі құндылықтар: өзектілігі және шешу жолдары»  тақырыбында  облыстық  ғылыми-тәжірибелік  конференция өтті

2018 жылдың 14 қыркүйек  күні Тараз қаласы, №51 орта мектебінің базасында  «Отбасы тәрбиесіндегі құндылықтар: өзектілігі және шешу жолдары» тақырыбында  облыстық ғылыми - тәжірибелік  конференция өткізілді. Конференция жұмысына ЖОО-ның ғалымдары, аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер, педагог-психологтар мен пән мұғалімдері, барлығы 120 педагог қатысты.

Іс-шарада қазіргі заманғы бала тәрбиесіндегі мектеп пен отбасының ынтымақтастығын арттыру туралы, т.б. өзекті мәселелер қарастырылды.

  Сондай-ақ, «Ұлттық құндылық – тәрбие бастауы»  тақырыбында  көрме қойылды.

            Ғылыми-тәжірибелік конференцияның қорытынды бөлімінде ұсынымдар жарияланып, білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысына жауапты педагог қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруына ықпал етті.