ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету - Оқу-әдістемелік кабинет

ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» атты облыстық тамыз педагогикалық кеңесінің аясында өткізілген техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен педагогтарының секция отырысы

2018 жылдың 14 тамызы күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінде «Жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыруда әдістемелік қызмет және педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесін кіріктіру» тақырыбында секция отырысы өткізілді.

Секция жиынына Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының өкілдері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен педагогтары, барлығы 49 білім қызметкері қатысты.

МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ СЕКЦИЯ ОТЫРЫСЫ

13 тамыз күні облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті тамыз кеңесі аясында физика, математика пәні мұғалімдеріне секция отырысын өткізді.

«Оқу жетістіктерін критериалды бағалау оқушылардың құзыреттілігін арттыру ресурсы ретінде» және «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында математика сабақтарында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбында өткен секция жұмыстарына барлығы 1369 педагог қатысты.

Онлайн секция отырысы өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2018 жылғы 13 тамыз күні мектеп басшылары мен мектеп директорларының орынбасарларына білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектеп басшыларының жаңа оқу жылындағы оқу-тәрбие  процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында «Білім беру саласы: инновациялар, мазмұны, басқару формалары мен әдістері» атты онлайн секция отырысын өткізді.

Пән мұғалімдеріне арналған секциялық отырыстар өткізілді

2018 жылдың 14 тамызында «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда белсенді оқыту әдістерін қолдану», «Критериалды бағалау-оқытуға ынталандырудың өсу жағдайы», «Оқу жетістіктерін критериалды бағалау-оқушылардың құзыреттілігін арттыру қоры ретінде»  тақырыптарында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде секциялық отырыстар өткізілді. Секция отырыстарына барлығы – 2187 педагог (қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен – 918, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен – 705, ағылшын тілі пәнінен -564) қамтылды.

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ КЕЗЕҢІ.

         «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отырған бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің жыл сайынғы «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық конкурсының Аймақтық кезеңін ұйымдастырып отыр.

Байқауға қатысуға мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім ұйымдарының педагог қызметкерлері шақырылады.

Байқау 22 аталым бойынша өтеді, І, ІІ, ІІІ орынды иеленген ең үздік жұмыстар сертификаттармен марапатталады және Байқаудың Республикалық кезеңіне ұсынылады.

Ұйымдастыру мен өткізуді реттейтін Байқау Ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: orleu-taraz.kz. Байқауға қатысты сұрақтар бойынша Тараз қ-сы, Төле би даңғылы 69А, тел: 8(7262)546181 мекенжайында орналасқан «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ-ға хабарласыңыздар.