ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету - Оқу-әдістемелік кабинет

ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

«Жазғы мектеп» жобасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сыныптары өтті

2018 жылдың 15 қазанында zhambul_obl_metod бөлмесінде облыстық  дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған    «Білім–Инновация» мектеп-интернатының озық тәжірибелі мұғалімдері «Қазақ тілі пәнін оқытуда Smart-технологияларды тиімді қолдану тәсілдері», «Білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ әдебиеті пәнін оқытудағы негізгі басымдықтар» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сыныптарын өткізді. Аталған іс-шараға облыстың 945 педагогі қамтылды.

Жаңартылған білім беру  мазмұны бойынша  семинар-тренинг өтті

2018  жылдың  11 қазан  күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  әдіскерлері  Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің  оқытушы-профессорларына, педагогтарға жаңартылған білім беру  мазмұны, критериалды бағалау қағидаттары  бойынша семинар-тренинг өткізді.

Аталған іс-шараға  76    педагог  қатысты.

Жуалы, Қордай, Т.Рысқұлов, Шу аудандарында әдістемелік десанттар өтті

Педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру мақсатында 2018 жылдың 10 қазан күні Жуалы, Қордай, Т.Рысқұлов, Шу аудандық әдістемелік кабинеттері әдістемелік десанттар өткізді.

Іс-шара барысында мектеп директорлары, мектеп директорының орынбасарлары, пән мұғалімдері, барлығы 301 педагогқа әдістемелік көмек көрсетілді.

Әдістемелік десантта әдіскерлер мен озық тәжірибелі мұғалімдер сабақтарға қатысып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған панорамалық сабақтар, шеберлік сыныптарын өткізді.

Мектеп директорларының облыстық семинары өтті

2018 жылдың 12 қазан күні Тараз қаласы, 30 мектеп-гимназиясының базасында «Ustaz professional learning centre» ЖШС-нің «Анализ және консалтинг», «Ата-аналар – мектеп серіктестігі», «Менторлық», «Ақпараттық сауаттылық», «Дифференциалдық оқыту», «Жобалық оқыту» сипатындағы жобалар бойынша мектеп директорларына арналған облыстық семинар өткізіліп, 251 мектеп директоры қатысты.

Іс-шараға қатысушылар «Ustaz professional learning centre» ЖШС-нің жұмыс жүйесімен танысып, оқытуда сандық технологияны қолданудың ерекшеліктері мен тиімді жолдары бойынша әдістемелік көмектер алды.

Іс-шара барысында білім беру ұйымдарының басшыларына жаңартылған білім мазмұнына көшу жағдайында заманауи білім беруді дамыту барысында білім сапасын арттырудың тиімді жолдары бойынша ақпараттық-әдіснамалық материалдар таратылды.

Байзақ, Меркі, Талас аудандарда әдістемелік десанттар өтті 

Педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру мақсатында 2018 жылдың 9 қазан күні Байзақ, Меркі, Талас аудандық әдістемелік кабинеттері әдістемелік десанттар өткізді.

Іс-шара барысында мектеп директорлары, мектеп директорының орынбасарлары, пән мұғалімдері, барлығы 186 педагогқа әдістемелік көмек көрсетілді.

Әдістемелік десантта әдіскерлер мен озық тәжірибелі мұғалімдер сабақтарға қатысып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған панорамалық сабақтар, шеберлік сыныптарын өткізді.