Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 17 мамыр күні «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытуды ұйымдастырудың тәжірибесі мен болашағы» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. Іс-шара барысында жалпы білім беретін мектептерде, инклюзияны қолдау кабинеттерінде және аутизм орталықтарындағы ерекше білім беруді қажет ететін балалардың мүмкіндіктерін ескере отырып, оқытудың тиімділігін арттырудағы әдіс-тәсілдер, арнайы педагогтердің кәсіби қызметін
кешенді тәсіл арқылы ұйымдастыру туралы ақпараттық-әдістемелік тұрғыдан қолдау көрсетілді. Сонымен қатар «Асыл Мирас» аутизм орталығының педагогтері А.Арықбаева «Jasper. Ойын арқылы балада түсінік қалыптастыру», А.Молдакулова «Ынталандыруды тиімді оқыту құралы ретінде пайдалану», Тараз қаласы No9 орта мектебінің «Қамқорлық инклюзияны қолдау» кабинетінің арнайы педагогтері А.Мейірқұл «Балаларды оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер», М.Иманғалиева «Сенсорлық интеграция - теория және практика, балаларға арналған жаттығулар», Г.Туякбаева «Жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беруді қажет ететін балаларды педагог- ассистенттің сүйемелдеуі» тақырыптарындағы шеберлік сыныптарымен бөлісті.