«Жасөспірім шақтағы оқушылармен жүргізілетін психодиагностикалық бағыттың маңыздылығы мен инновациялық тәсілдері» тақырыбында облыстық шеберхана жұмысы өтті
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 27 қыркүйек күні аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтерге арналған «Жасөспірім шақтағы оқушылармен жүргізілетін психодиагностикалық бағыттың маңыздылығы мен инновациялық тәсілдері» тақырыбында облыстық шеберлік зертхана жұмысы өткізілді, барлығы 88 педагог қатысты.
Іс-шара барысында Талас ауданының педагог-психологтарының "Жасөспірім шақтағы білім алушылармен жүргізілетін психодиагностикалық бағыттың маңыздылығы", "Жасөспірімнің құндылықтары мен моральдық нормалар жүйесін талдау", "Сиқырлы сезімдер елі" тесті", " Жасөспірімдердің бойындағы үрейлену, қорқыныш және депрессия деңгейін анықтауға арналған әдістемелер", "Білім алушылардың тұлғалық ерекшеліктерін диагностикалау" (жасөспірімдердің компьютерге, ғаламторға тәуелділігін диагностикалау), "Арттерапия әдістерін қолдана отырып оқушылардың тұлғалық мінез ерекшеліктері мен интеллектуалдық білімдерін анықтау", "Жасөспірімдермен жүргізілетін психодиагностикалық жұмыстарды инновациялаудың тиімділігі", "Жасөспірімдердің отбасылық климатын психологиялық зерттеу" тақырыптарындағы баяндамалар тыңдалды. Мамандар шеберхана жұмысында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар білім беру ұйымдарында психодиагностикалық бағыт бойынша мектепте жүргізілетін әдістемелерді қолдану және психологиялық қызметтегі анықтау бағытындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек алды.