Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту

«Білім  беру мекемелерінде дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 23 қарашасында дене тәрбиесі пәні мұғалімдері үшін «Білім  беру мекемелерінде дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту» тақырыбында семинар-практикум  өтті.

Аталған іс-шараға аудандардан  пән әдіскерлері мен дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері,    барлығы  45  мұғалім қатысты.

 Дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткен іс-шарада  мұғалімдер өзара тәжірибе  алмасты, ақпараттық-әдістемелік  құралдармен қамтамасыз етілді.

«Рухани жаңғыру бағдарламасын білім беру ұйымдарында жүзеге асыру: бүгіні мен болашағы»  тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті

2018 жылдың 30 қараша күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Тараз қаласында Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының базасында облыстың педагог қызметкерлеріне «Рухани жаңғыру бағдарламасын білім беру ұйымдарында жүзеге асыру: бүгіні мен болашағы» атты ғылыми-практикалық конференция  өткізілді.

        Аталған іс-шараға облыс көлемінде жалпы орта білім беретін мектептерден 160 педагог қатысты.

Ғылыми-практикалық конференцияның мақсаты – рухани жаңғыру бағдарламасын білім беру ұйымдарында жүзеге асырудың тиімді жолдарын анықтау.        

 Ғылыми-практикалық конференцияның жұмыс мазмұны пленарлық және секциялық отырыс форматында өтті.

          Конференция барысында білім қызметкерлері  тұжырымды ойларын ортаға салып, конференция материалдарының жинағы жарияланды.

VI халықаралық математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің шығармашылық байқауында 6 ұстаз жеңімпаз атанды

 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы мен «Қазақстанның математика пәні мұғалімдерінің ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 1-2 желтоқсан күндері Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері мұғалімдерінің VI халықаралық шығармашылық байқауы өтті.

 Шығармашылық байқаудың мақсаты- мұғалімнің мәртебесін көтеру, білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру, қазақстандық білім беру жүйесіне халықаралық тәжірибені тарату, ең үздік мұғалімдер арасында қарым-қатынасты жақсартып, бәсекеге қабілетті ету.

 Байқау мазмұны кәсіби білім беру аясында педагог тұлғасының шығармашылық өзін-өзі анықтау және білім беру үрдісінде кәсіби педагогикалық шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін конкурс тапсырмаларын қарастырды. Байқау екі бөлімнен тұрды.Бірінші бөлімінде теориялық, екінші бөлімінде методикалық есептер берілді.

 Шығармашылық байқаудың қорытындысы бойынша облыстан қатысқан

11 педагогтың 6-ы  жүлделі орындарға ие болып, командалық есепте III-орынды иеленді. Жеңімпаздарды атап айтсақ:

II-орынды Тараз қаласы ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі Рысбаев Жомарт Бейбітханұлы;

III - орынды Тараз қаласы  №49 Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Мұратбаев Айбек Серікұлы;

IV - орындарды Тараз қаласы ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі Талқанбаев Мұхтар Дәулетұлы,Тараз қаласы ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының физика пәнінің мұғалімі Чижевская Дарья Константиневна,Тараз қаласы №49 Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының математика пәні Қайырбай Сұлтанғазы Құрманғазыұлы, Тараз қаласы №45 қазақ классикалық гимназиясының математика мұғалімі Кеңесов Бауыржан Бақытжанұлы;

Педагогтарымызды жеңістерімен құттықтаймыз.

Байзақ ауданында әдістемелік десант өтті

Облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен тәрбие мен оқыту сапасының деңгейін арттыру мақсатында 2018 жылдың 6 желтоқсан күні Байзақ ауданындағы Сарыкемер мектеп-гимназиясының, «Астана» балабақшасының базаларында «Білім берудегі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың негізі» атты облыстық әдістемелік десант өтті.

Әдістемелік десантқа мектеп директорлары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, директордың құқық, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері (мектепалды даярлық, мектепке дейінгі ұйым педагогтары, бастауыш сынып, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, физика, химия, биология, тарих, география, информатика, денешынықтыру, АӘД, өзін-өзі тану, психолог), барлығы 598 педагог қатысты.

Секция жұмыстарында білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған шеберлік сыныптары мен коучингтер, панорамалық сабақтар, психологиялық тренингтер өткізіліп, электронды таратпалы материалдар ұсынылды.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық іс-тәжірибесін тарататын  40 базалық   мектептердің  6-8 сыныптарға  сабақ беретін  мұғалімдері мен мектеп директорларына арналған облыстық  семинар-практикум өтті

          2018 жылдың 5 желтоқсан күні  Назарбаев Зияткерлік мектебінің  базасында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық іс-тәжірибесін тарататын  40 базалық   мектептердің  6-8 сыныптарға  сабақ беретін  мұғалімдері мен мектеп директорларына арналған «Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы  пәндерінің оқыту ерекшелігіне сәйкес оқытудағы белсенді тәсілдерін  жүзеге асыру әдістері мен стратегиясы» тақырыбында облыстық    семинар-практикум өткізілді. Аталған іс-шараға 138 педагог қатысты.

Іс-шара бағдарламасына сәйкес Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі мұғалімдері  қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша «Эссе жазу мен оны бағалау»,   «Сабақта оқу мақсатына жетуді қамтамасыз ететін тапсырмаларды әзірлеу»,  Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалы жаттықтырушылары «Тиімді сабақ басқаруға арналған тайм-менеджмент»,  «Сабақты бірлесіп жоспарлау» атты шеберлік-сыныптарын өткізді.  Мектеп директорлары  «Мектеп қызметін жоспарлау»,  «Эмоционалдық зияттың құзыреттілігі мен модельдері» тақырыптар бойынша тәжірибе алмасты.  Сонымен қатар, Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері ағылшын тілінде сабақ беретін әріптестерін CLIL технологиясын қолданудың жолдарымен таныстырды.