Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту

Байзақ, Қордай, Т.Рысқұлов, Талас, Шу аудандарында әдістемелік десанттар өтті

Педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру мақсатында 2018 жылдың 13 қараша күні Байзақ, Қордай, Т.Рысқұлов, Талас, Шу аудандарының әдістемелік кабинеттері әдістемелік десанттар өткізді.

Іс-шара барысында мектеп директорлары, мектеп директорының орынбасарлары, пән мұғалімдері, барлығы 357 педагогқа әдістемелік көмек көрсетілді.

Әдістемелік десантта әдіскерлер мен озық тәжірибелі мұғалімдер сабақтарға қатысып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған панорамалық сабақтар, шеберлік сыныптарын өткізді.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЕҢ ҮЗДІК ЖЫЛ ПСИХОЛОГЫ-2018» БАЙҚАУЫНДА 4 ПЕДАГОГ- ПСИХОЛОГ БІРІНШІ ОРЫНДАРДЫ  ЖЕҢІП АЛДЫ

          Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 11-13 қараша     күндері аралығында Алматы қаласында  білім беру жүйесінде шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, кәсіби біліктілігін көрсете алатын педагог-психологтарды анықтау, қолдау және ынталандыру мақсатында «Ең үздік жыл психологы-2018» атты республикалық  байқауы  өткізілді.  

          Республикалық   байқауға  3 жыл, 3-7 жыл, 7 жылдан жоғары еңбек өтілі бар 4 педагог-психолог  қатысты.    

          Республика деңгейінде педагог-психологтарымыз кәсіби біліктілігін көрсетіп, теориялық білімі мен практикалық  шеберлігін ұштастыра отырып, жаңашылдығымен ерекшеленген әріптестеріміз әділқазылардың әділ бағасына ие бола білді. Олар Секербекова Айнұр Әскербекқызы - Шу ауданы, С.Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебінің педагог-психологі, Сүлейменова Жаңылкүл Қалмаханбетқызы - Т.Рысқұлов ауданы, Қ.Сұлтанбеков атындағы шағын орталықты орта мектебінің педагог-психологі, Қырықбаева Гүлжан Досалықызы - Т.Рысқұлов ауданы, А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінің педагог-психологі және Асубаева Гүлзада Асанқызы - Меркі ауданы, №39 Т.Қожакеев атындағы мектеп-гимназиясының педагог-психологтары І орындарды жеңіп алып, І дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Жазғы мектеп» жобасы аясында тарих пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сыныптары өтті

2018 жылдың 9 қарашасында zhambul_obl_metod бөлмесінде облыстық  дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған    «Білім–Инновация» мектеп-интернатының озық тәжірибелі мұғалімдері «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында тарих пәнін оқытуда «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру», «Жаңартылған білім бағдарламасы: тарих пәнін тарихи концептілер арқылы оқыту» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сыныптарын өткізді. Аталған іс-шараға облыстың 345 педагогі қамтылды.

«Білім алушылардың аутодеструктивті мінез-құлықтарын алдын - алу бойынша педагог-психолог қызметін ұйымдастыру жолдары» тақырыбында  онлайн  режимінде облыстық  семинар өтті

2018 жылдың 12 қараша  күні   www.sabak.kz  сайты,  Zhambil_obl_UMC бөлмесінде  «Білім алушылардың аутодеструктивті мінез-құлықтарын алдын - алу бойынша педагог-психолог қызметін ұйымдастыру жолдары» тақырыбында  облыстық онлайн режимінде  семинар  өтті.  Аталған іс-шараға директордың  құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагог-психологтар, барлығы 1108  педагог  қатысты.  

Семинарға қатысушылар мектептегі-психологиялық қызметті жетілдіру барысында психологиялық қызметтің негізгі жұмыс бағыттары бойынша  әдістемелік көмектер алды, тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе  алмасты  және таратпалы материалдармен  қамтамасыз  етілді.

Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізудің мониторингі  жүргізілді

ҚР Білім және ғылым министрінің тапсырмасы бойынша Ы.Алтынсарин  атындағы  Ұлттық білім академиясы 30 пилоттық мектептің 4-сыныптарында оқу бағдарламалары  мен оқулықтарын апробациялаудың мониторингін  және жалпы білім беретін мектептердің 3, 6, 8 сыныптарында жаңартылған білім беру мазмұнын енгізудің мониторингін 5-9 қараша күндері аралығында   жүргізді.

Іс-шара  барысында 3, 6, 8 сыныптарға  сабақ беретін  мұғалімдеріне сабақты жоспарлау  үдерісінің ерекшеліктері, берілген тапсырмаға сәйкес қалыптастырушы бағалау мен кері байланысты жүргізу жолдары, сабақтағы оқушы рефлексиясы мен сабақтан кейінгі мұғалімнің рефлексиясы бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.