«Кибербуллинг пен буллингтің ерекшеліктері және профилактикасы» тақырыбында
облыстық тәжірибелік-семинар өтті
2023 жылдың 6 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Кибербуллинг пен буллингтің ерекшеліктері және профилактикасы» тақырыбында облыстық тәжірибелік - семинар өткізілді. Аталған іс-шараға 100-ге жуық педагог қатысты. Іс-шара барысында Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылының №1 мектеп-лицейінің құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Ишматова "Мектептегі буллинг және оның алдын алу", Т.Рысқұлов мектеп-лицейінің құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Аманжол "Қазіргі кезеңдегі кибербуллингтің алдын алу мәселелері", Ақтоған орта мектебінің директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Турманбетова «Жасөспірімдер арасындағы буллинг мәселесі және зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті. Тәжірибелік-семинарға қатысушылар білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылықтың, кибербуллинг пен буллингтің алдын-алу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек алды.