Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту

Қала және ауыл мектептері арасындағы ағылшын тілін оқыту сапасындағы алшақтықты азайтудың тиімді жолдары» атты республикалық семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті мен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 11 мамыр күні қалалық және ауылдық мектептерде ағылшын тілін оқыту сапасындағы алшақтықты азайту, Қазақстан жоғары оқу орындарының ғылыми-білім беру консорциумын құру, ағылшын тілі пәнін оқытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын айқындауға жұмылдыру мақсатында ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне республикалық семинар өтті.
"Тілдік білім беру ортасын құру технологиялары қалалық және ауылдық мектептердегі оқыту сапасы арасындағы алшақтықты азайту құралы ретінде", «Ауыл мектептерінде ағылшын тілін оқытуда CLIL технологияны қолдану», «Диалогтік оқыту және айтылу дағдылары арқылы ауыл мектебі оқушыларының ағылшын тілі сабағына қызығушылығын арттыру жолдары», "STEAM технологиясын қолдану жағдайында жоғары сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру", «Ағылшын тілін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен заманауи үрдістері арқылы ауыл мен қала мектептері сапасындағы алшақтықты төмендету» тақырыптары аясында ағылшын тілін меңгертуде білім алушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, оқулықтың әдістемелік кешені туралы тың ақпарттар берілді. Оқушыларға тілдік дағдыларда меңгерту барысында мақсатқа сәйкес тапсырмалардың тиімділігі туралы пікірлер ұсынылды.
Республикалық семинарға 62 педагог қатысты.

ТАЛАС АУДАНЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕКТЕР КӨРСЕТІЛДІ

2023 жылдың 17 сәуірінде Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері Талас ауданының Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектебінің әкімшілігі мен педагогтеріне ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетті.
Іс-шара барысында білім мекемелерінің мемлекеттік аттестаттаудан өтудің бағалау өлшемшарттарының сапалы орындалуы бойынша білім беру ұйымдарының жұмыстық оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына, сабақ кестесіне сәйкестендірілуі, педагогтердің бейінін сәйкестендіру мен біліктілік курстарынан өтуі, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша өзін-өзі бағалауы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін жеке оқу жоспарларының құрылуы, инвариантты компоненттің оқу жылына арналған сабақ кестесіне сәйкестендірілуі, үйірме жұмыстарының жүйелі ұйымдастырылуы, «Өмір қауіпсіздігінің негіздері», «Жолда жүру ережелері» оқу курстары мазмұнының орындалуы, «Күнделік» журналының талапқа сай толтырылуы бойынша жұмыстар жүргізіліп, әдістемелік ұсынымдар берілді.

«Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер арқылы оқытудың тиімділігін арттыру» тақырыбында облыстық
шығармашылық есеп өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен педагогтердің тәжірибелік құзіреттілігін арттыру, озық педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында 2023 жылдың 14 сәуір күні Шу ауданы, С.Сейфуллин атындағы шағын орталықты орта мектебінің география пәні мұғалімі Э.Имашеваның «Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер арқылы оқытудың тиімділігін арттыру» тақырыбында облыстық шығармашылық есебі өтті.
Іс-шара барысында Э.Имашева ғылыми жоба жазу алгоритмі, ақпараттық технологияларды қолданудың, шығармашылықпен айналысудың тиімді жолдарын, оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын арттыру бағытында жасалған тапсырмалар жүйесі таныстырылып, тәжірибе алмасты.

Аталған іс-шараға барлығы 43 педагог қатысты.

«Жасөспірімдер арасындағы буллинг, кибербуллинг мәселесі, зорлық-зомбылықтың және суицидтің алдын алу жолдары» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті

​Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 14 сәуір күні Тараз қаласы, №30 мектеп-гимназиясының базасында аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің психолог әдіскерлері мен педагог-психологтарға арналған «Жасөспірімдер арасындағы буллинг, кибербуллинг мәселесі, зорлық-зомбылықтың және суицидтің алдын алу жолдары» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өткізілді.
Семинар жұмысы - білім беру ұйымдарында буллинг, кибербуллингтің, психологиялық зорлық-зомбылықтың, суицидтің алдын алу бойынша жүргізілетін жұмыстардың тиімді жолдарын қарастыру, әдістемелік көмек көрсету, өзара тәжірибе алмасу, озық тәжірибелерге қолдау көрсету және психологиялық қызмет жұмысын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылуда. ​
Семинар жұмысына ЖОО-ның оқытушылары, Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының мамандары, аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің психолог әдіскерлері мен педагог-психологтар барлығы 150 ге жуық педагог қатысты.
Іс-шара барысында «Буллингтің алдын алудың тиімді жолдары», «Суицид причины возникновения, факторы, профилактика», «Возрастные особенности суицидального поведения детей и подростков» тақырыптарында баяндамалар оқылып, баяндамашылар өз ой-пікірлерімен бөліссе, тәжірибелік бөлімінде «Буллингке қатысушылармен жұмыс жасау барысындағы мектеп психологының жұмыс шекаралары», «Границы работы школьного психолога в работе с участниками буллинга», «Жасөспірімдерге психологиялық бағыт беру арқылы өмірлік дағдыларын қалыптастыру» «Мен сені түсінгім келеді» «Профилактика кибербуллинга в образовательной организации» «Білім алушылардың тұлғалық ерекшеліктерін дамытудағы психологиялық жаттығулардың маңызы», «Мен жарқын болашақты таңдаймын» тақырыптарында энерджайзер-тренингтер өткізіліп іс-тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар білім беру ұйымдарында буллинг және кибербуллингтің, психологиялық зорлық-зомбылықтың алдын-алу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек алды.

Ең үздік мектепке дейінгі ұйым» атты облыстық байқауы өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 14 сәуір күні Тараз қаласы, №20 бөбекжай-бақшасының базасында мектепке дейінгі ұйым меңгерушілерінің арасында «Ең үздік мектепке дейінгі ұйым» атты облыстық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – тәрбие мен білім беру бағытында жаңашыл идеялар мен тәжірибелерді пайдалану арқылы жоғары жетістіктер мен көрсеткіштерге жеткен мектепке дейінгі ұйымдарды анықтау.
Қазылар алқасы меңгерушілерді мектепке дейінгі педагогика-психологияның, нормативтік-құқықтық базаның сұрақтары бойынша білімдерін анықтауға арналған тестілеу, балабақшада жаңа жоделдің жүргізілу барысы, міндеттеріне сай жүргізілетін іс-шаралар барысын бағалап, жеңімпаздарды анықтады.