Әдістемелік көмек ТАРАЗ КАЛАСЫ БӘДӘМ ЛТОЛЬАЛУЫ ЛЬЛЬЛЬ ТРТОЬО Т ИТ - Оқу-әдістемелік кабинет

Әдістемелік көмек ТАРАЗ КАЛАСЫ БӘДӘМ ЛТОЛЬАЛУЫ ЛЬЛЬЛЬ ТРТОЬО Т ИТ

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2021 жылдың 5 мамыр күні Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай «Ы.Алтынсарин: Ұлттық педагогика, методология» тақырыбында аралас форматта аймақтық онкүндіктің жабылуына қатысып, тәжірибе алмасты.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының президенті, PhD доктор Ғ.Бейсембаев іс-шаралардың өтілу барысына жоғары баға берді.

Іс-шара барысында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы Ш.Усерова баяндама жасап, кері байланыс жүргізді.

Қазақ халқының аса көрнекті ағартушы-педагогі Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған тәжірибе алмасу бағытындағы онкүндік аясында өткен  14 іс-шараға 6379 педагог қамтылды.

«TIMSS халықаралық зерттеуінің аясында география пәні  мұғалімдерінің   функционалдық сауаттылығын қалыптастыру»    тақырыбында қашықтан вебинар өтті

        Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың  6 мамыр  күні «TIMSS халықаралық зерттеуінің аясында география пәнінен  оқушылардың   функционалдық сауаттылығын қалыптастыру»  тақырыбында география пәні әдіскерлері мен мұғалімдеріне арналған  семинар-практикум  өтті.                       Іс-шараға  247  педагог  қатысты.

«Ұлы дала тарихындағы есімі ұрпаққа  ұран  болған - батырлар ерлігі» тақырыбында  облыстық  дөңгелек  үстел өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік  кабинетінің  ұйымдастыруымен  2021 жылдың 5 мамыр  күні  директордың  құқықтық, тәрбие  ісі   жөніндегі  орынбасарларына,  сынып жетекшілерге, тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған «Ұлы дала тарихындағы есімі ұрпаққа  ұран  болған - батырлар ерлігі» тақырыбында  онлайн  режимінде  облыстық  дөңгелек  үстел   өтті.  Аталған іс-шараға барлығы 258  педагог  қатысты.  

Іс-шара барысында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік  университетінің «Филология және журналистика»  кафедрасының доценті, ф.ғ.к., «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу  орталығының ғылыми қызметкері Т.Мұқашевтың «Ұлы дала тарихындағы есімі ұрпаққа  ұран  болған - батырлар ерлігі»М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік  университетінің «Қазақстан тарихы»  кафедрасының  оқытушысы Р.Тобаджановтың «Ұрпаққа ұраң болған - Ұлы Жеңіс»,   Дарынды балаларға  арналған мамандандырылған «Дарын»  мектеп – интернатының тарих пәнінің мұғалімі  М.Бегілдаеваның «Ұрпақтар  ұмытпайтын - Ұлы Жеңіс», Тараз қаласы, №8 гимназияның тарих пәнінің мұғалімі    Д.Ускумбаевтың  «Ұранды ердің - ұрпағы қайсар»,   және т.б  тақырыптарда  баяндамалар  тыңдалды, қатысушылар ой бөлісті және пікір алмасты.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 5 мамыр күні педагог-психологтардың шығармашылық зертханасы жобасы аясында  «Мектептегі психологиялық қызметтің маңыздылығы және оны жетілдіру жолдары» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасайтын үздік педагог-психологтарының озық іс-тәжірибесі таратылды. Аталған іс-шараға 117  педагог қатысты.                                                      

        Мектептегі психологиялық қызметті жетілдіру бағыттары бойынша  жүргізілетін жұмыстардың тиімді жолдарын қарастыру, озық  идеялы тәжірибені тарату, әдістемелік  көмек көрсету, өзара тәжірибе алмасу, жаңашыл бастамаларға қолдау көрсету мақсатында өткізілді.

           Іс-шара барысында ІІ Республикалық «Жылдың үздік психологі 2013» байқауының жеңімпазы, Жуалы ауданы, №1 мектеп-гимназиясының педагог-психологі М.Ускенбаева және І Республикалық «Жылдың үздік психологі 2012» байқауының жеңімпазы, Т.Рысқұлов ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің педагог-психологі А.Малибаева іс-тәжірибелерімен  бөлісті.

«Олжас Сүлейменов және Қазақстандағы тарихи ойдың дамуы»  тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті

2021 жылдың 4 мамыр күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист-зерттеуші, түрколог, дипломат О.Сүлейменовтің 85 жылдық мерейтойына орай аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері,  тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Олжас Сүлейменов және Қазақстандағы тарихи ойдың дамуы»  тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат Олжас Сүлейменовтің өмір жолы, еңбектері мен шығармашылық мұрасын насихаттау, тәжірибе алмасу.

Іс-шарада Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының доценті, т.ғ.д. Сәтбай Тастайбек Яхияұлы «Олжас Сүлейменов және әлемдік тарихтың іргелі проблемалары», М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Алтаева Гүлнар Абдуллаевна «Вклад Олжаса Сулейменова в полиязычную культуру Казахстана» тақырыптарында баяндама жасады.

Дөңгелек үстел барысында Олжас Сүлейменовтің өмір жолы, қызметі, шығармалары мен туындылары, «Невада-Семей» қозғалысына қатысты деректер мен ой-пікірлер айтылды.

Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 11 әдіскер, 157 тарих пәнінің мұғалімі, барлығы 168 педагог қатысты.