Әдістемелік көмек ТАРАЗ КАЛАСЫ БӘДӘМ ЛТОЛЬАЛУЫ ЛЬЛЬЛЬ ТРТОЬО Т ИТ - Оқу-әдістемелік кабинет

Әдістемелік көмек ТАРАЗ КАЛАСЫ БӘДӘМ ЛТОЛЬАЛУЫ ЛЬЛЬЛЬ ТРТОЬО Т ИТ

"Білім беру ұйымдарында ата -аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру" тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 2 қазан күні аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің тәрбие, құқықтық тәрбие жұмысына жауапты әдіскерлеріне, директордың тәрбие, құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына "Білім беру ұйымдарында ата -аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру" тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өткізілді, барлығы 272 педагог қатысты.
Іс-шара барысында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда білім беру ұйымдарындағы біртұтас тәрбие бағдарламасының жүзеге асырылуы, сонымен қатар орта білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының ашылып, жұмыс жасауы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қатысушылар барлық білім беру ұйымдарында балаларды тәрбиелеу мен дамыту жөніндегі ата-аналарға педагогикалық қолдау орталығының жұмысы бойынша әдістемелік ұсынымды басшылыққа ала отырып, жұмысты дұрыс ұйымдастыруы бойынша әдістемелік көмек берілді.

МОЙЫНҚҰМ, ҚОРДАЙ АУДАНДАРЫНЫҢ ӘДІСКЕРЛЕРІНЕ, МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫ МЕН ДИРЕКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫНА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 2 қазан күні " Мектепішілік бақылауды жоспарлаудың ұйымдастыру-әдістемелік негіздері» тақырыбында әдіскерлерге, мектеп басшылары, мектеп директорлардың әдістемелік, оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған семинар-кеңес жұмысы өтті.
Іс-шараға Мойынқұм, Қордай аудандарының әдістемелік кабинет меңгерушісі мен әдіскерлері, мектеп басшылары, мектеп директорларының орынбасарлары, барлығы 130 қызметкер қатысты.
Семинар-кеңестің мақсаты:
Мектепішілік бақылауды тиімді жүргізу мақсатында ғылыми-әдістемелік және технологиялық құралдармен қамтамасыз ету.
Семинар-кеңестің міндеттері:
1. Білім сапасын басқарудың ғылыми негіздерін толық түсінуге жағдай жасау.
2. Білім сапасы мониторингісінің технологиясын мектепішілік бақылау құралы ретінде ұсыну.
3. Білім сапасын басқару жоспарының инвариантты моделін ұсыну.
4. Басқару әдістері мен мектептегі педагогикалық үдерісті үздіксіз жақсарту әдістерін қарастыру.
5. Семинар-кеңес бойынша қатысушыларды дидактикалық материалдардың электрондық нұсқаларымен қамтамасыз ету.
Семинар-кеңестің іске асыру нәтижесінде семинар-кеңеске қатысушыларында білім сапасын жақсарту бойынша тиімді мектепішілік бақылауды жоспарлаудың технологиялық құралдарын меңгереді, мектепішілік бақылаудың тиімді әдіс екендігі туралы тұтастай түсінік қалыптасады.

Облыстық вебинар өтті
2023 жылдың 29 қыркүйек күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Арнайы және инклюзивті білім беру жағдайында білім алушыларға оқу бағдарламаларын бейімдеу алгоритмі» тақырыбында облыстық вебинар өтті. Вебинар барысында арнайы және инклюзивті білім берудің оқу бағдарламаларын талқылау, жүргізу алгоритмі көрсетіліп, ерекше білім алуға қажеттілігі бар балаларды оқытудың психологиялық және педагогикалық шарттары, оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын білім берудегі мазмұнға қарай өзгерту тәсілдері түсіндірілді. Аталған іс-шараға 250 педагог қатысты

«Оқушылардың жаратылыстану сауаттылықтарын қалыптастырудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында география пәні мұғалімдеріне арналған семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 29 қыркүйек күні «Оқушылардың жаратылыстану сауаттылықтарын қалыптастырудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында география пәні мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде семинар өтті.
Облыстық іс-шара барысында география пәні бойынша оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыруда пәндік білімдеріне, ептілік және дағдыларына сүйене отырып, берілген тапсырмаларды орындауда ойлау дағдыларын жетілдіру бағытында жүргізілетін тиімді әдіс-тәсілдер бойынша ақпараттық – әдістемелік көмек көрсетілді.
Аталған іс-шараға барлығы 197 педагог қатысты.

«Мектептерге арналған PISA зерттеуі: өзектілігі мен тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті
2023 жылдың 28 қыркүйек күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мектептерге арналған тестілеуге дайындық жұмыстарын ұйымдастырудың мазмұнын жетілдіру, зерттеу тапсырмаларын орындаудың тиімді жолдарын анықтау, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыру мақсатында «Мектептерге арналған PISA зерттеуі: өзектілігі мен тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті.
Іс-шара барысында 2023 жылдың қазан-қараша айларында өтетін «Мектептерге арналған PISA» негізгі зерттеуіне облыс бойынша 71 білім мекемесі қатысатындығы айтылды. Сонымен қатар, семинар барысында зерттеудің өзектілігі, құрылымы, ерекшеліктері, мазмұны және жүргізу форматы мен тапсырмалар мазмұны туралы толық мағлұматтар беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.
Облыстық оқыту вебинарына Тараз қалалық және аудандық білім бөлімдерінің негізгі зерттеуге жауапты тұлғалары, іріктеліп алынған білім беру ұйымдарының басшылары мен мектеп үйлестірушілері, барлығы 150 педагог қатысты.