БӨЛІМДЕР - Оқу-әдістемелік кабинет

БӨЛІМДЕР

«Буккроссинг – Bookcrossing» акциясы өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  2018 жылдың 21 қараша күні  Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық  «Буккроссинг – Bookcrossing» акциясы өткізілді.

          Акцияға барлық білім мекемелерінен 90 педагог, 58 оқушы қатысты.

Мектепалды даярлық педагогтарына арналған облыстық семинар-практикум өтті

2018 жылдың 20 қарашасында Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің мәжіліс залында «Мектепалды даярлық оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

Семинарға 41 педагог қатысып, өзара іс-тәжірибе алмасты. Іс-шара барысында баяндамалар оқылып, панорамалық оқу қызметтері көрсетіліп, тренингтер жүргізілді.

Облыс бойынша жалпыхалықтық диктант жазылды

2018 жылдың 14 қарашасындағы Жалпыхалықтық диктантқа аудандар мен Тараз қаласы білім бөлімдерінің қызметкерлері, мектеп басшылары, педагогтар, оқушылар, студенттер, барлығы 66 184 адам қатысты.

«Руани – адамгершілік білім беру бағдарламасының бүгінгі таңдағы өзектілігі» тақырыбында «Өзін-өзі тану» пәні педагогтарына арналған облыстық семинар-практикум өтті.

2018 жылдың 16 қарашасында Меркі ауданы, №9 В.Савва атындағы жалпы білім мектеп-лицейінің базасында облыстық семинар-практикум өтті. Семинарға 50 педагог қатысып, өзара іс-тәжірибе алмасты.

Іс-шара барысында баяндама оқылып, ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар көрсетілді. Ақпараттық-әдістемелік электронды құралдар таратылды.

Жамбыл, Меркі, Мойынқұм аудандары мен Тараз қаласында әдістемелік десанттар өтті

Педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру мақсатында 2018 жылдың 15 қараша күні Жамбыл, Меркі, Мойынқұм аудандары мен Тараз қаласының әдістемелік кабинеттері әдістемелік десанттар өткізді.

Іс-шара барысында мектеп директорлары, мектеп директорының орынбасарлары, пән мұғалімдері, барлығы 157 педагогқа әдістемелік көмек көрсетілді.

Әдістемелік десантта әдіскерлер мен озық тәжірибелі мұғалімдер сабақтарға қатысып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған панорамалық сабақтар, шеберлік сыныптарын өткізді.