Мектеп басшыларына арналған облыстық семинар-тренинг өтті
Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 28 қарашасында №30 мектеп-гимназияның базасында «Bilim Media Croup – интерактивті білім беруді ұсынатын «BilimLand.kz» электронды білім беру контенті» атты облыстық семинар-тренинг өтті.
Облыстық семинар-тренингке облыстық, аудандық, Тараз қалалық әдістемелік кабинет меңгерушілері мен әдіскерлер, мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, барлығы 362 педагог қатысты.
Іс-шараға қатысушылар Bilim Media Croup – интерактивті білім беруді ұсынатын «BilimLand.kz», «imektep.kz», «iTest.kz» электронды білім беру контенттерінің жұмыс жүйесімен танысып, оқытуда сандық технологияны қолданудың ерекшеліктері мен тиімді жолдары бойынша әдістемелік көмектер алды.