БӨЛІМДЕР - Оқу-әдістемелік кабинет

БӨЛІМДЕР

Облыстық тәжірибелік семинар өтті

Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мектепті басқарудың тиімді жүйесін қарастыру мақсатында 2019 жылдың      29 қаңтарында Байзақ ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы гимназиясының базасында «Нәтижеге бағытталған білім беру жағдайында мектептегі басқару жүйесін жетілдіру» атты облыстық тәжірибелік семинары өтті.

Тәжірибелік семинарға облыстық директорлар кеңесінің  мүшелері, жас мектеп директорлары, директордың оқу-тәрбие орынбасарлары, Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры, ПШО, «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының өкілдері, барлығы 80 адам қатысты.

          Іс-шара барысында мектеп басшылары білім мекемесінің оқыту тәжірибесімен бөлісіп, оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау ерекшеліктері мен ұйымдастыру, сол арқылы білім сапасын арттырудың тиімді жолдары туралы пікір алысып, жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мектепті басқарудың нәтижеге бағытталған тиімді жолдары көрсетілді. Семинарға қатысушылар мектептің оқу-тәрбие жұмысының құрылымымен танысып, өзара тәжірибе алмасты.

«Оқытудың белсенді  әдіс-тәсілдері» мен «Сабақ үдерісін тиімді ұйымдастыру арқылы оқу мақсатына қол жеткізу жолдары» тақырыптарында онлайн режимінде  семинар өтті

Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен  бірлесе отырып, 2019  жылдың  28 қаңтар  күні  облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  «Zhambil_Obl_Metod» бөлмесінде «Оқытудың белсенді  әдіс-тәсілдері»   мен «Сабақ үдерісін тиімді ұйымдастыру арқылы оқу мақсатына қол жеткізу жолдары»  тақырыптарында  онлайн режимінде  семинар  өтті.  

      Аталған іс-шараға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, 5-8 сыныптарға  сабақ беретін жаратылыстану-математикалық бағытындағы пән  мұғалімдері, барлығы  1049   педагог қызметкерлері қатысты.

Іс-шара бағдарламасына сәйкес  НЗМ ФМ  Тараз қаласындағы  филиалының мұғалімдері жаңартылған оқу бағдарламасын іске асыру барысында тапсырманың мазмұнына сәйкес  қалыптастырушы  бағалау  мен кері байланысты жүргізу,  пәндерді оқытудағы  жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдары бойынша тәжірибе алмасты. 

«Сабақтағы  саралау тәсілдері» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  «Zhambil_Obl_Metod» бөлмесінде  2019  жылдың  23 қаңтар  күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Сабақтағы  саралау тәсілдері»  тақырыбында онлайн режимінде  облыстық семинар өтті.

Аталған іс-шараға  843   педагог  қатысты.

Іс-шара  барысында бастауыш сынып мұғалімдері  пәндерді оқытудағы  жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдары, жаңартылған оқу бағдарламасын іске асыру барысында саралау тәсілдері бойынша  тәжірибе алмасып, электронды таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында химия пәнінің мұғалімдеріне шеберлік сынып өтті

2019 жылдың 28 қаңтарында облыстық Айша-бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған "Білім - инновация" мектеп-интернатының химия пәні мұғалімдері «Using fun-based learning on chemistry lessons» /химия пәнінде озық әдіс-тәсілді қолдану/  тақырыбында шеберлік сынып өтті. Шеберлік сыныпта химия пәні мұғалімдері үшін пәнді ағылшын тілінде жүргізу ерекшеліктері, түрлі әдістерді қолдану, пайдалану жолдары, лабораториялық жұмыстардың жүргізілу барысы  бойынша тәжірибе алмасты.

Аталған іс-шараға облыстың   192  педагогі қамтылды.

Әдістемелік десанттар өтті

Педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру мақсатында 2019 жылдың 24 қаңтар күні          Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Талас аудандары мен Тараз қаласының әдістемелік кабинеттері әдістемелік десанттар өткізді.

Іс-шара барысында мектеп директорлары, мектеп директорының орынбасарлары, пән мұғалімдері, барлығы 267 педагогқа әдістемелік көмек көрсетілді.

Әдістемелік десантта әдіскерлер мен озық тәжірибелі мұғалімдер сабақтарға қатысып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған панорамалық сабақтар, шеберлік сыныптарын өткізді.