БӨЛІМДЕР - Оқу-әдістемелік кабинет

БӨЛІМДЕР

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы бойынша іс-тәжірибесін тарату мақсатында «Жаңартылған білім беру аясында мектептегі тәрбие жүйесі: келешегі мен мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті

2019 жылдың 8 ақпан күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің базасында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы бойынша іс-тәжірибесін тарату мақсатында директордың тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасарларына  арналған «Жаңартылған білім беру аясында мектептегі тәрбие жүйесі: келешегі мен мүмкіндіктері» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізілді, барлығы 43 педагог  қатысты.

Семинардың   мақсаты - білім беру ұйымдарында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын жүзеге асырудағы жаңа ақпараттық кеңістігін құру, НЗМ-нің тәрбие жұмыс жүйесін тарату, қарым-қатынастық құзіреттіліктің артуына қолайлы жағдай жасау.

«TIMSS халықаралық зерттеуі: дайындық жұмыстары және зерттеу тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбында жаратылыстану-математика бағытындағы  пән мұғалімдеріне онлайн режимінде семинар өтті

2019 жылдың 7 ақпанында zhambul_obl_metod бөлмесінде Халықаралық  TIMSS-2019 зерттеуіне дайындық жұмыстары бойынша  әдістемелік көмек көрсету мақсатында зерттеуге қатысатын 17 білім мекемелерінің мектеп үйлестірушілері, бастауыш сынып мұғалімдері мен математика-жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдеріне облыстық онлайн режимінде семинар өткізілді. Семинар барысында TIMSS зерттеуіне дайындық жұмыстары мен 4, 8 сыныптарға арналған тест тапсырмаларын шешудің тиімді жолдары мен ерекшеліктері бойынша материалдар ұсынылды, есептерді шығару тәсілдері көрсетілді.

Аталған іс-шараға облыстың 150 педагогі қамтылды.

Облыстық «Тіл-ұлттың жан тынысы, рухани үні, асыл қазынасы» атты шығармалар байқауы өтті

2019 жылдың 5 ақпанында оқушылардың ана тілін меңгеру дағдыларын жетілдіру, шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында «Тіл-ұлттың жан тынысы, рухани үні, асыл қазынасы» атты  облыстық  шығармалар байқауы өтті.

Аталған іс-шараға жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдарының 8-10 сыныптың 63 оқушысы қатысты.

«Жасөспірімдер арасындағы қақтығыстың туу себептері, шиеленістердің алдын алу мәселесі және шешу жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті

          2019 жылдың 7 ақпан күні оқу-әдістемелік кабинетінің базасында «Zambil_Obl_Metod» бөлмесі www.sabak.kz сайтында білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына әдістемелік көмек көрсету және тәжірибелік тұрғыда кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «Жасөспірімдер арасындағы қақтығыстың туу себептері, шиеленістердің алдын алу мәселесі және шешу жолдары»  тақырыбында онлайн режимінде облыстық семинар өтті. Аталған іс-шараға барлығы 275 педагог-психолог қатысты.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында химия пәнінің мұғалімдеріне шеберлік сынып өтті

2019 жылдың 6 ақпанында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің zhambul_obl_metod бөлмесінде «Robotics: platform arduino /Робототехника: Ардуино платформасы/» тақырыбында шеберлік сынып өтті. Іс-шара барысында информатика пәні мұғалімдері үшін Ардуино бағдарламалауының негіздері, платформа микроконтроллерінің түрлері, терминологиясына байланысты мәліметтер беріліп, тәжірибелік маңызы туралы ойлар ортаға салынды.

Аталған іс-шараға облыстың   203  педагогі қамтылды.