Талас ауданында әдістемелік десант өтті
Облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен тәрбие мен оқыту сапасының деңгейін арттыру мақсатында 2019 жылдың 31 қаңтар күні Талас ауданындағы лицейдің, «Астана» бөбекжай-бақшасының базаларында «Білім берудегі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың негізі» атты облыстық әдістемелік десант өтті.
Әдістемелік десантқа мектеп директорлары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, директордың құқық, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері (мектепке дейінгі ұйым педагогтары, бастауыш сынып, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, физика, химия, биология, тарих, география, информатика, көркем еңбек, музыка, өзін-өзі тану, психолог, әлеуметтік педагог), барлығы 542 педагог қатысты.
Секция жұмыстарында білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған шеберлік сыныптары мен коучингтер, панорамалық сабақтар, психологиялық тренингтер өткізіліп, электронды таратпалы материалдар ұсынылды.