Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен 5 сәуір күні облыс орталығында туған өлкесін сүйетін және зерттейтін жас жеткіншектер арасында сайыс өтті.
«Табиғатты аяла» атты жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің форумы жасөспірімдерді табиғатты аялауға баулу, өз өлкенің табиғи мұрасын сақтау мен зерртеу, жасөспірімдердің экологиялық мәдениетін тәрбиелеу, сондай-ақ, азаматтық жауапкершілігі мен патриотизм сезімін дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
Жас өлкетанушылар Тараз қаласының №30 мектеп-гимназиясының базасында бас қосты. Форумға аудандық және Тараз қалалық «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылардың, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің форумдарында жеңімпаз атанған109 оқушы қатысты.
Игі шара 7 номинация бойынша өтіп, форум қорытындысы бойынша қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды:
«Туған өлкені зерттейміз» номинациясында оқушылардың туған жерінің ескерткіштері мен қорықтарын зерттеу жұмыстарын жүргізді. Аталған номинация бойынша Талас ауданы лицейінің оқушысы Ф.Абдрашидова жеңіске жетті.