«Математикалық регата» олимпиадасы өтті
2024 жылдың 5 наурыз күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен математика пәнінің мұғалімдері арасында «Математикалық регата» облыстық олимпиадасы өтті.
Педагогтердің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуде ұмтылысын арттыру, озық тәжірибені анықтау мақсатында өткізілген олимпиадаға облыстың математика пәнінен сабақ беретін 19 мұғалімі қатысты. Олимпиаданың 4 кезеңінде 3 есептен (алгебралық, геометриялық, логикалық) жалпы 12 тапсырма қамтылды.
Олимпиаданың нәтижесінде І орынды Тараз қаласы, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейінің математика пәнінің мұғалімі Д.Бәйдібек, ІІ орынды Тараз қаласы "125 Education" ЖШС орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі А.Әзімжанов және облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі Н.Серікбаев, ІІІ орынды облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей- интернатының математика пәнінің мұғалімі Н Давлетбаев, Байзақ ауданы Ғ.Мұратбаев атындағы гимназияның математика пәнінің мұғалімі М.Ерманова, Сарысу ауданы Д.Сенбин атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Е.Нурланбаев және Мойынқұм ауданы Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебі математика пәнінің мұғалімі Г.Балыкбаева иеленді. Алғысхатпен облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі Р.Тұрғанбаев, Меркі ауданы №17 мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі И.Кудаева, Талас ауданы Б.Әлменұлы атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі М.Избасов, Т.Рысқұлов ауданы А.Шынасилов атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Г.Самбеткулова марапатталды.
Педагогтерді жеңісімен құттықтаймыз!