«ТАБИҒАТТЫ АЯЛА» АТТЫ ЖАС ӨЛКЕТАНУШЫЛАР, ЭКОЛОГТАР МЕН ТАБИҒАТ ЗЕРТТЕУШІЛЕРІНІҢ ФОРУМЫ - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

 
 
 
 
«Жасыл экономика» номинациясы бойынша Жамбыл ауданы Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің оқушысы Қ.Шаханов, «Денсаулық және қоршаған орта» номинациясы бойынша Жуалы ауданы №1 мектеп-гимназиясының оқушысы А.Өмірбекова, «Экоәлем» номинациясы бойынша Талас ауданы, лицейдің оқушысы М.Якияев, «Мерейтойыңмен, Астана!» номинациясы бойынша Жамбыл ауданы Б.Бесбаев атындағы орта мектебінің оқушысы Е.Қайрат, шығармашылық жұмыстар көрмесі «Қалдықтардан - табыстарға» номинациясы бойынша Тараз қаласының №24 мектеп-гимназиясының оқушысы Л.Халевич жүлделі І орын иегері атанды. 
Барлық номинация бойынша 42 оқушы жүлделі орындар алса, әр номинация бойынша 18 оқушыға бағалы сыйлықтар табысталды. Ал командалық жұмыстар бойынша өткен «Табиғаттың құтқарушы шеңбері» экологиялық квест номинациясында 5 команда бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. 
Форум аясында аудандар мен Тараз қаласынан келген қатысушылар мектеп ауласына 100 түп раушан гүлдерін отырғызды.
Жеңімпаздар Ақтау қаласында өтетін республикалық форумға жолдама алды.