«Бастауыш сынып оқушыларын оқыту үдерісінде оқу дербестік дағдыларын дамыту» және «Бастауыш сыныптарда TIMSS, PIRLS халықаралық зерттеулерін жүзеге асырудың өзекті мәселелері» тақырыптарында онлайн режимінде семинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің «Zhambil_Obl_Metod» бөлмесінде 2019 жылдың 27 ақпан күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып оқушыларын оқыту үдерісінде оқу дербестік дағдыларын дамыту» және «Бастауыш сыныптарда TIMSS, PIRLS халықаралық зерттеулерін жүзеге асырудың өзекті мәселелері» тақырыптарында онлайн режимінде семинар өтті.
Аталған іс-шараға 501 педагог қатысты.
Іс-шара барысында бастауыш сынып мұғалімдері пәндерді оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдары, TIMSS, PIRLS халықаралық зерттеулеріне дайындық жұмыстары, тест спецификациясы, өзіндік іс-әрекет мүмкіндіктерін кеңейте отырып, танымдық дағдыларын қалыптастыру жолдары бойынша тәжірибе алмасып, электронды таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.