"Поэтическое наследие Жамбыла и актуальные проблемы жамбыловедения" тақырыбында облыстық конференция өтті
2021 жылдың 16 наурыз күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Поэтическое наследие Жамбыла и актуальные проблемы жамбыловедения» тақырыбында облыстық конференция өтті.
Конференцияның мақсаты – жыр дүлдүлі, айтыс өнерінің дарабозы Жамбыл Жабаевтың өмір жолын, шығармаларын насихаттауды жандандыру, еңбектерін зерттеу.
Іс-шарада М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Русская филология» кафедрасының профессоры, ф.ғ.к. А.Шуканов «Творчество Жамбыла в русской критике» тақырыбында баяндама жасады.
Конференция барысында педагогтарға Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы, оның шығармалары арқылы оқушыларды патриоттық тәрбиелеу негіздері, ақынның өлеңдері мен өлеңдеріндегі қанатты, бейнелі сөздер, даналық негіздері туралы ақпарат беріліп, дидактикалық материалдар таратылды.
Іс-шараға жоғары оқу орнының ғалымдары, аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімінің әдіскерлері, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, барлығы 170 педагог қатысты.