Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту

Мектеп басшыларына арналған облыстық онлайн семинары өтті

          2019 жылдың 28 наурызында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен          білім беру мазмұнын жаңартуда мектептің даму жоспарын жүйелі жоспарлаудың әдіс-тәсілдерімен тәжірибе алмасу мақсатында «Жаңартылған білім беру жағдайында мектептің даму жоспарын жүйелі жоспарлау» атты облыстық онлайн семинар өтті.

Облыстық онлайн семинарына мектеп директорлары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, барлығы 443 адам қатысты.

Іс-шара барысында  білім сапасын арттыру бағытында мектептің даму жоспарын жасау әдістері ұсынылып, жаңартылған білім беру аясында мектептің даму жоспарын жасау тәсілдері қарастырылды.

«Білім беру мазмұнын жаңарту жолындағы сынақ: үдеріс пен нәтиже» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті «Педагогикалық шеберлік орталығы» Тараз қаласындағы филиалымен  бірлесе отырып,  ағымдағы жылдың  28 наурыз  күні  білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде эксперимент жүргізіп отырған  Т.Рысқұлов ауданы №1 мектеп-лицейінің 4-сыныптарына (пилоттық сыныптар) сабақ беретін мұғалімдердің іс-тәжірибесіне арналған  Т.Рысқұлов ауданы,           №1 мектеп-лицейінің  базасында   «Білім беру мазмұнын жаңарту жолындағы сынақ: үдеріс пен нәтиже» тақырыбында облыстық  тәжірибелік семинар өткізді.

Аталған іс-шараға      педагог  қатысты.

Іс-шара  барысында бастауыш сынып мұғалімдері   оқушылардың өзіндік іс-әрекет мүмкіндіктерін кеңейте отырып, танымдық дағдыларын қалыптастыру,  пәндерді оқытудағы  жаңа әдіс-тәсілдері мен заманауи білім беру ресурстарын тиімді қолдану жолдары  бойынша тәжірибе алмасып, электронды таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.

Аталған іс-шараға 61 мұғалім қатысты.

«Ұлттық мұра» атты өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің арасында облыстық фестиваль өтті

2019 жылдың 27 наурызы күні  Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  «Өзін-өзі тану пәні» педагогтарының арасында «Ұлттық мұра» атты облыстық фестиваль өтті. Аталған іс-шараға 47 педагог қатысып, әлеуметтік іс-әрекеттің көп қырлы түрлерінде шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетті. Нәтижесінде Жамбыл ауданы «Шаңырақ» тобы бас жүлде, Тараз қаласы «Жан нұры» тобы бірінші орын, Қордай ауданы «Асыл мұра» тобы екінші орын, ал Сарысу ауданы «Сарысу ұстаздары» тобы, Жуалы ауданы «Шаңырақ» тобы және Меркі ауданы «Нұрлы жандар» тобы үшінші орындарды иеленді.

Облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсының өткізілуі туралы

 Жамбыл облысы әкімдігінің білім  басқармасы «Білім туралы»                   2007 жылғы 27 шілдедегі  Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8-7) тармақшасы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы №26 желтоқсандағы №544 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №67 бұйрығын орындау мақсатында «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу қағидаларына  сәйкес 2019 жылдың мамыр айында  Облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым»  байқауы өткізіледі.

   Конкурсқа қатысуға мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) барлық түрлеріне рұқсат беріледі.

  1. Конкурс екі кезеңде өткізіледі:

1) I кезең – аудандық (қалалық), жыл сайын сәуір айында өткізіледі, онда екінші кезеңге қатысуға ұсынылатын Конкурсқа қатысушылар анықталады;
        2) II кезең – облыстық, жыл сайын мамыр айында өткізіледі, онда конкурстың жеңімпазы анықталады.

Мұражай сабақтары – өлкетану бастауы

2019 жылдың наурыз айында  Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты мекемелері аудандық тарихи-өлкетану мұражайының  базасында Т.Аубакиров негізігі мектебінің 7 сынып оқушыларымен   география пәнінен  "Ауыл шаруашылығының ұйымдастырылуы, қолөнерінің дамуы және саяси географиялық жағдайы" тақырыбында  сабақтар өткізіліп,   сабақтарға 300 оқушы қамтылды.

Мұражайдағы жанды сабақ оқушыларға белгілі бір оқу жоспары бойынша білім алу немесе мектепте жинақталған білімді нығайту және тереңдету мақсатында ұйымдастырылады. Сонымен қатар, мұражай объектісі білім алғаны үшін иллюстрациялар ретінде емес, білімнің қосымша дерек көздерінің тікелей көзі ретінде әрекет етеді. Мұражай коллекцияларымен танысу оқушылардың рухани әлемін эмоционалды түрде байытады. Тақырыпқа деген қызығушылық ақпараттың дербес ізденісіне барысында қалыптасады. Мұражай сабақтарының басты мақсаты - Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, оқушылардың бойында өлкетанулық білімін дамыту болып табылады.