Әдістемелік көмек ТАРАЗ КАЛАСЫ БӘДӘМ ЛТОЛЬАЛУЫ ЛЬЛЬЛЬ ТРТОЬО Т ИТ - Оқу-әдістемелік кабинет

Әдістемелік көмек ТАРАЗ КАЛАСЫ БӘДӘМ ЛТОЛЬАЛУЫ ЛЬЛЬЛЬ ТРТОЬО Т ИТ

«География сабақтарын қашықтан оқыту барысында критериалды бағалауды жүргізудің тиімді жолдары» тақырыбында география пәні мұғалімдеріне арналған  онлайн режимінде облыстық  шеберлік сынып өтті                                

      Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың 20 желтоқсан күні «География сабақтарын қашықтан оқыту барысында критериалды бағалауды жүргізудің тиімді жолдары» тақырыбында  облыстық география пәні мұғалімдеріне  арналған  онлайн режимінде облыстық шеберлік сыныбы  өтті.

       География  пәні мұғалімдеріне   оқушыларды қашықтан оқыту барысында критериалды бағалауды жүргізудің әдістерін, білім алуды дамытуға арналған тапсырмаларды құрастырудың тиімді жолдарын  көрсете отырып,  ақпараттық әдістемелік  көмек көрсетілді.

       Аталған іс-шараға барлығы  198  педагог қатысты.

  Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына арналған 5-11 сынып оқушылары  арасында  «Бауыржан Момышұлы - тұлға, азамат, стратег» TEDх форматындағы конференция өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Тараз  қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік  мектебімен  бірлесіп,  2020 жылдың  15 желтоқсан  күні  Қазақ халқының ұлы перзенті, қаһарман жауынгер, даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, әйгілі жазушы Бауыржан Момышұлының                      110 жылдығына орай   «Бауыржан Момышұлы - тұлға, патриот, стратег» атты TEDх форматында облыстық конференция  zoom платформасында өтті.   

TEDх форматындағы конференцияға ЖОО-ның ғалымдары, Жамбыл облысындағы Бауыржан Момышұлы атындағы 7 мектеп пен Тараз, Шымкент қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің және Москва қаласының  Б.Момышұлы атындағы №1912  мектебінің жас спикерлері қатысып, өз идеяларымен бөлісті және «Бауыржан Момышұлы - тұлға, азамат, стратег» атты видео әзірленіп, көрсетілді.

         TEDx конференциясының мақсаты – қазіргі заман тұрғысынан қазақ халқының көрнекті қайраткері Бауыржан Момышұлының өмір жолын жан-жақты және терең қарастыру мен халық батырының өнегелі мұрасын дәріптеу арқылы жастарға пат­риоттық тәрбие беру.

 Конференция  келесі  бағыттар бойынша өткізілді:

  • «Бауыржан Момышұлы - тактикалық маневрлер мен стратегиялардың авторы»;
  • «Бауыржан Момышұлы - аңызға айналған адам және ерекше тұлға»;
  • «Бауыржан Момышұлының жолы - ар-ождан, мақтаныш және ар-намыстан төселген қайшылықтар жолы»;
  • Бауыржан Момышұлы: «Ата-баба дәстүрі мен әдет-ғұрпы - адамгершіліктің негізі»;
  • «Бауыржан Момышұлы: «Бір тілді білген - бір адам, екі тілді білген - екі адамға лайық»;
  • «Бауыржан Момышұлы - Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» әскери романының кейіпкері»;
  • «Батыр атағын оған халық берді»;
  • «Бауыржан Момышұлының шығармаларындағы жазушылық дарыны».

 

«Оқыту үдерісінде графикалық органайзерлерді тиімді қолдану жолдары»  тақырыбында семинар-практикум өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласындағы филиалымен бірлесе отырып, 2020-2021 оқу  жылына  арналған  жаңартылған орта білім мазмұнын енгізу жағдайында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің  іс-тәжірибесін орта білім беру ұйымдарына трансляциялау бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ағымдағы жылдың  14 желтоқсан күні «Оқыту үдерісінде графикалық органайзерлерді тиімді қолдану жолдары»  тақырыбында семинар-практикум өтті.

Zoom  платформасы арқылы өткен вебинарға   300 педагог қатысты.

Іс-шара барысында қашықтан оқыту кезінде кескін карталармен жұмыс жасауда графикалық органайзерлердің тиімділігі, графикалық органайзерлердің түрлері мен оларды қолдану жолдары  талқыланды. 

«Қысқы мектеп» жобасы аясында география пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде семинар өтті

           2020 жылдың  15 желтоқсан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында облыстық дарынды балаларға арналған мамандырылған «Дарын» мектеп-интернаты   мен облыстық үштілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің тәжірибелі мұғалімдері «География сабағында ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары», «Критериальное оценивание на уроках географии как средство мотивации к учебной деятельности» тақырыптарында биология пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде семинар өтті.

Аталған іс-шараға облыстың 194 география пәні мұғалімдері қатысты.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында математика  пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сынып өтті

              2020 жылдың  14 желтоқсан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында облыстық  дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының математика  пәні  мұғалімі Губайдуллин Ербол Канатұлы  «Geogebra бағдарламасын геометрия сабағында қолдану тәсілдері»  тақырыбында математика пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сынып өтті.

Аталған іс-шараға облыстың 294 математика  пәнінің мұғалімдері  қатысты. Іс-шара барысында Geogebra бағдарламасы арқылы геометриялық фигураларды салу және геометриялық есептерді шығарудың тиімді жолдарын көрсетті.