Әдістемелік көмек ТАРАЗ КАЛАСЫ БӘДӘМ ЛТОЛЬАЛУЫ ЛЬЛЬЛЬ ТРТОЬО Т ИТ - Оқу-әдістемелік кабинет

Әдістемелік көмек ТАРАЗ КАЛАСЫ БӘДӘМ ЛТОЛЬАЛУЫ ЛЬЛЬЛЬ ТРТОЬО Т ИТ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен даналықтың жауһары, даралықтың тарланы, ХХ ғасырдың Гомері атанған Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай, өмір жолын, шығармаларын насихаттау, еңбектерін зерттеу мақсатында «Жамбылдың ақындық мұрасы және жамбылтанудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған облыстық онлайн ғылыми-практикалық конференция өтті.

Іс-шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Филология және журналистика» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Мұқашев Темірбай Әлиұлы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Саламатова Рахат Маханбетжанқызы қатысып, Жамбыл Жабаевтың ақындық шеберлігі мен өзіндік ерекшелігін ашып көрсетті. Өлеңдеріне әдеби талдау жасай отырып, оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу қажеттігіне тоқталды.

          Облысымыздың тәжірибелі ұстаздары Жамбыл жырлары арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің негіздерін атап көрсетіп, ақын поэмалары мен өлеңдеріндегі қанатты, бейнелі сөздерін кеңінен насихаттады.

Облыстық ғылыми-практикалық конференцияға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 297 педагог қатысты. 

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына  «ХХ ғасырдың Гомері», жыр жампозы, поэзия тарланы, ғасыр ақынының өмірі мен шығармашылығын жастар арасында насихаттау, оның ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге үйрету мақсатында 2021 жылдың 26 ақпанында Тараз қаласы Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясында «Ғасырлық ғұмыр тағылымы» тақырыбындағы Жамбыл оқулары байқауының қорытынды кезеңі өтті.

Іс-шара барысында ҚР халық әртісі, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Мәкен Рахымжанқызының жетекшілігімен мектеп-гимназияның өнерпаз оқушылары «Бала – Жамбыл, дана - Жамбыл» тақырыбында қойылым қойды.  Сондай-ақ, өнерлі жастар Жамбыл шығармаларын орындады.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 26 ақпанында «Білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру-басты талап» атты облыстық оқыту семинары өтті. Семинарға кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты білім бөлімдерінің және басқармаға қарасты мектептердің  44 әдіскер мамандары қатысты.

Семинар барысында  мектептерде білім алушыларға кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыруға әдістемелік көмек берілді. Білім беру ұйымдарындағы оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмыс тәжірибесін жүйелі ұйымдастыру бойынша  «Оқушыларға кәсіби бағдар беру моделі» тақырыбында Т.Рысқұлов ауданындағы №1 мектеп-лицейінің кәсіби бағдар жұмысындағы тәжірибесі таныстырылды.

«SMART  мақсат қою және тиімді оқытуды ұйымдастыру жолдары» тақырыбында вебинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік ағымдағы жылдың  26  ақпан  күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің базасында  бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған  «SMART  мақсат қою және тиімді оқытуды ұйымдастыру жолдары» тақырыбында онлайн режимінде вебинар өтті.

Zoom  бейнебайланыс режимі арқылы өткен вебинарға 213  педагог қатысты.

Іс-шара барысында вебинар қатысушылары SMART мақсат қою және тиімді оқытуды ұйымдастыру, оқыту барысында «FLIPPED CLASSROOM» арқылы жүргізілетін жұмыс түрлері, төңкерілген оқыту әдісі, Padlet қосалқы интернет жүйесі  арқылы жүргізілетін жұмыс түрлері  бойынша тәжірибе алмасты. 

«Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендірудегі «Өзін-өзі тану» пәнінің мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық вебинар өтті

2021 жылдың  25 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Ауыл мектебі» жобасы аясында Байзақ ауданы Н.Ақшабаев атындағы орта мектебі, Жамбыл ауданы Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдеріне арналған «Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендірудегі «Өзін-өзі тану» пәнінің мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық вебинар өтті.

Іс-шараның мақсаты – «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету.

Вебинар барысында педагогтарға «Өзін-өзі тану» пәні сабақтарын тиімді жоспарлау, рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы аясында атқарылатын сыныптан тыс іс-шара жоспары бойынша әдістемелік ұсынымдар беріліп, ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.

Іс-шараға Байзақ ауданы мен Жамбыл ауданы мектептерінен 10 педагог қатысты.