БӨЛІМДЕР - Оқу-әдістемелік кабинет

БӨЛІМДЕР

«Жазғы мектеп» жобасы аясында ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сыныптары өтті

2018 жылдың 29 қыркүйегінде zhambul_obl_metod бөлмесінде облыстық ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының, ер балаларға арналған «Білім-инновация» мектеп-интернатының озық тәжірибелі мұғалімдері «Оқушылардың ағылшын тілі сабағында коммуникативтік сөйлеу қабілеттерін қалыптастырудың практикалық негіздері», «Ағылшын тілін оқытуда жоба әдісін қолдану ерекшеліктері», «Жаңартылған бағдарлама бойынша 7 сыныптарда қысқа мерзімді жоспарлаудың үлгісі», «Проверка и оценивание письменных работ по англисскому языку в 7-х классах по обновленной программе» тақырыптарында ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сыныптарын өткізді. Аталған іс-шараға облыстың 364 педагогі қамтылды.

«Заманауи  тәрбие  технологиялары  және  оларды тәрбие үдерісінде  пайдаланудың  тиімділігі»  тақырыбында  облыстық әдістемелік семинар өтті

2018 жылдың 28 қыркүйек  күні   облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің базасында «Заманауи  тәрбие  технологиялары  және  оларды тәрбие үдерісінде  пайдаланудың  тиімділігі»    тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өтті. Аталған іс-шараға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, барлығы  56  педагог  қатысты.  

Әдістемелік семинарға қатысушылар тәрбиенің басым  бағыттары бойынша  әдістемелік көмектер алды, тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе алмасты және таратпалы материалдармен  қамтамасыз  етілді.

Республикалық «Табиғатты аяла»  жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зереттеушілерінің   форумынан Жамбыл облысының командасы  І орынды иеленді

               Ақтау қаласында 2018 жылдың кыркүйек айының 20-23 күндері «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» қоғамдық  бағдарламасының  «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын жүзеге  асыру  аясында білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту мақсатында өткен республикалық «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зереттеушілерінің  форумына Жамбыл облысынан 9 оқушы қатысты.

Форум аясында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі әлеуметтік маңызы бар зерттеу жұмыстары мен жобалар бойынша облыс оқушылары  ғылыми жұмыстарын қорғап, «Жасыл экономика» номинациясы бойынша Жамбыл ауданы, Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің  оқушысы Шаханов Қазыбек (жетекшісі: Қ.Отарбаев), «Мерейтойыңмен, Астана!» номинациясы бойынша Жамбыл ауданы, Б.Бесбаев атындағы орта мектебінің оқушысы Қайрат Еркемай (жетекшісі: М.Турумова) жүлделі І орынды иеленсе, «Туған өлкені зерттейміз» номинациясы бойынша Сарысу ауданы, М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Абдраман Зарина (жетекшісі: Қ.Амирбекова), «Денсаулық және қоршаған орта» номинациясы бойынша Тараз қаласы №45 гимназиясының оқушысы Асамбай Жалғас (жетекшісі: Ж.Тоқтасынова)  жүлделі ІІ орынды, «Экоәлем» номинациясы бойынша Талас ауданы Якияев Мукасан (жетекшісі: Ж.Серикова)  жүлделі ІІІ орынды иеленді.  Тараз қаласы №24 гимназиясының оқушысы Халевич Людмила «Шебер қолдар» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.

Жамбыл облысының командасы  барлық қатысқан командалардың ішінен жүлделі  І  орынды иеленді.

«Жазғы мектеп» жобасы аясында тарих пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сыныптары өтті

2018 жылдың 27 қыркүйегінде zhambul_obl_metod бөлмесінде облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің озық тәжірибелі мұғалімдері «Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сыныптарын өткізді. Аталған іс-шараға облыстың 380 педагогі қамтылды.

«Жазғы мектеп» жобасы аясында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сыныптары өтті

2018 жылдың 26 қыркүйегінде zhambul_obl_metod бөлмесінде облыстық ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының озық тәжірибелі мұғалімдері «Грамотность чтения как компонент функциональной грамотности», «Эффективные интерактивные методы работы на уроках русского языка» тақырыптарында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сыныптарын  өткізді. Аталған іс-шараға облыстың 492 педагогі қамтылды.