Мектеп басшыларына арналған облыстық онлайн семинары өтті
2019 жылдың 28 наурызында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен білім беру мазмұнын жаңартуда мектептің даму жоспарын жүйелі жоспарлаудың әдіс-тәсілдерімен тәжірибе алмасу мақсатында «Жаңартылған білім беру жағдайында мектептің даму жоспарын жүйелі жоспарлау» атты облыстық онлайн семинар өтті.
Облыстық онлайн семинарына мектеп директорлары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, барлығы 443 адам қатысты.
Іс-шара барысында білім сапасын арттыру бағытында мектептің даму жоспарын жасау әдістері ұсынылып, жаңартылған білім беру аясында мектептің даму жоспарын жасау тәсілдері қарастырылды.