БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

Білім мазмұнын жаңарту аясында Жамбыл облысының жалпы білім беретін мектептерінің 3, 6, 8 сынып мұғалімдеріне арналған секция отырыстары өтті

          2018 жылдың 27 тамызында ҚР білім беру саласы педагог қызметкерлерінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адам капиталы» Республикалық тамыз конференциясы аясында, Тараз қаласы А.С.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназиясы мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында жалпы білім беретін мектептің 3, 6, 8 сынып мұғалімдері  үшін жаңартылған білім мазмұны мәселесі бойынша облыстық секциялық отырыстар өтті.

Секциялық отырыстар жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық ғылымдар мен дене шынықтыру мұғалімдері үшін екі бағытта жүргізілді. Шараға 3, 6, 8 сынып мұғалімдері, мектеп директорлары мен әдіскерлерін қамтыған облыстың 1155 педагог қызметкерлері қатысты.

Іс-шара бағдарламасына сәйкес Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі және А.С.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназиясының мұғалімдері пәндер бойынша шеберлік-сыныптарын, Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалы жаттықтырушылары тиімді сабақ басқаруға арналған тайм-менеджмент, мұғалім тәжірибесіндегі рефлексивті хат, оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін сапалық және сандық зерттеу деректерін қолдану бойынша семинар-практикумдар сериясын өткізді.

БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Жаңа оқу жылының басталуына да санаулы күндер қалды. Ал Жамбыл облысында жаңа оқу жылына дайындық барысы қандай? Осы орайда 23 тамыз күні «Баласағұн» орталық концерт залында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» атты дәстүрлі педагогтардың тамыз конференциясы өтті.

Биылғы конференцияға облыс әкімі Асқар Мырзахметов пен ҚР Парламенті сенатының депутаты Абдалы Нұралиев, облыстық мәслихат депутаттары және білім саласының қызметкерлері қатысты

Облыстық білім басқармасының басшысы педагогтардың тамыз конференциясында жаңа оқу жылының жаңалықтары мен ескі жылдардың қорытындысы туралы баяндама жасады.

      Сондай-ақ,  конференция  аясында облыстың білім саласындағы жетістіктері мен жаңалықтары туралы көрме қойылды.

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» атты облыстық тамыз педагогикалық кеңесінің аясында өткізілген техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен педагогтарының секция отырысы

2018 жылдың 14 тамызы күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінде «Жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыруда әдістемелік қызмет және педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесін кіріктіру» тақырыбында секция отырысы өткізілді.

Секция жиынына Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының өкілдері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен педагогтары, барлығы 49 білім қызметкері қатысты.

«Төртінші өнеркәсіптік революциясы жағдайындағы адам капиталы» атты мектеп директорларының секция отырысы өтті

2018 жылдың 22 тамыз күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың базасында «Төртінші өнеркәсіптік революциясы жағдайындағы адам капиталы» атты мектеп директорларының секция отырысы өткізілді.

Мектеп басшыларына арналған облыстық секция отырысына мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, барлығы 235 адам қатысты.

          Іс-шараға қатысушылар 2018-2019 оқу жылындағы білім беру ұйымдарының  жұмысындағы жүйелі өзгерістер мен міндеттер, заманауи мектептегі инклюзивті білім беруді ұйымдастырылуы,  білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы  ерекшеліктер туралы ақпараттар алды.

МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ СЕКЦИЯ ОТЫРЫСЫ

13 тамыз күні облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті тамыз кеңесі аясында физика, математика пәні мұғалімдеріне секция отырысын өткізді.

«Оқу жетістіктерін критериалды бағалау оқушылардың құзыреттілігін арттыру ресурсы ретінде» және «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында математика сабақтарында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбында өткен секция жұмыстарына барлығы 1369 педагог қатысты.