БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

«Қысқы мектеп» жобасы аясында химия пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде дәріс өтті

2019 жылдың 5 қаңтарында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің zhambul_obl_metod бөлмесінде «Chemical bonds /Химиялық байланыстар/» тақырыбында химия пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде дәріс өткізілді. Іс-шара барысында химия пәннің ағылшын тілінде жүргізілуі, химиялық байланыстарды өмірмен байланыстыру, инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану туралы тұжырымды пікірлер ортаға салынды.

Аталған іс-шараға облыстың  199 педагогі қамтылды.

Облыстық ашық есік күні өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 6 ақпанында Тараз қаласы Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының базасында ОЖСБ-ға жауапты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Оқушылардың жетістіктерін сырттай бақылауға (ОЖСБ) дайындық деңгейін жетілдіру жолдары» атты  облыстық ашық есік күні өтті.

Ашық есік күніне аудандар мен Тараз қаласынан ОЖСБ-ға жауапты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, барлығы 71 адам қатысты.

          Іс-шара барысында қатысушылар білім мекемесінің оқыту тәжірибесімен бөлісіп, ОЖСБ-ға дайындықты жоспарлау ерекшеліктері мен ұйымдастыру, сол арқылы ОЖСБ барысында білім сапасын арттырудың тиімді жолдары туралы пікір алысып, өзара тәжірибе алмасты.

Талас ауданында әдістемелік десант өтті

Облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен тәрбие мен оқыту сапасының деңгейін арттыру мақсатында 2019 жылдың 31 қаңтар күні Талас ауданындағы лицейдің, «Астана» бөбекжай-бақшасының базаларында «Білім берудегі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың негізі» атты облыстық әдістемелік десант өтті.

Әдістемелік десантқа мектеп директорлары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, директордың құқық, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері (мектепке дейінгі ұйым педагогтары, бастауыш сынып, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, физика, химия, биология, тарих, география, информатика, көркем еңбек, музыка, өзін-өзі тану, психолог, әлеуметтік педагог), барлығы 542 педагог қатысты.

Секция жұмыстарында білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған шеберлік сыныптары мен коучингтер, панорамалық сабақтар, психологиялық тренингтер өткізіліп, электронды таратпалы материалдар ұсынылды.

Оқыту семинары өтті

          2019 жылдың 31 қаңтарында 2018-2019 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін трансляциялаудың іс-шаралар жоспарына сәйкес Тараз қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында мектеп басшылары мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында көшбасшылық пен менеджмент» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Оқыту семинарына мектеп директорлары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, барлығы 30 адам қатысты.

«Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың мәтін арқылы оқу сауаттылығын дамыту жолдары» тақырыбындағы облыстық онлайн семинар өтті

        Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың               1 ақпанында «Zhambil_Obl_Metod» бөлмесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне жаңартылған білім мазмұны аясында оқушылардың мәтін арқылы оқу сауаттылығын дамыту жолдарын анықтау арқылы әдістемелік көмек беру мақсатында «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың мәтін арқылы оқу сауаттылығын дамыту жолдары»  

тақырыбында облыстық онлайн семинар өткізілді. Аталған  іс-шараға 1623 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.

Онлайн семинар барысында пән мұғалімдері оқылым стратегияларын тиімді қолдану арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру, оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептердегі оқушыларға мәтінмен жұмыс істеу тәсілдерін меңгерту барысында түрлі әдіс-тәсілдермен бөлісті.

Пән мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін көтеру үшін әдістемелік көмек берілді.