«Сабақтағы саралау тәсілдері» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің «Zhambil_Obl_Metod» бөлмесінде 2019 жылдың 23 қаңтар күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Сабақтағы саралау тәсілдері» тақырыбында онлайн режимінде облыстық семинар өтті.
Аталған іс-шараға 843 педагог қатысты.
Іс-шара барысында бастауыш сынып мұғалімдері пәндерді оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдары, жаңартылған оқу бағдарламасын іске асыру барысында саралау тәсілдері бойынша тәжірибе алмасып, электронды таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.