Облыстық семинар өтті
2022 жылдың 11 қазан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ZOOM бейнебайланыс режимінде оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын арттырудың тиімді жолдарын анықтау мақсатында «Оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын арттыруға бағытталған тапсырмалардың құрылымы мен ерекшеліктері» тақырыбында химия, биология, география пәндерінің мұғалімдеріне арналған облыстық онлайн семинар өтті.
Іс-шара барысында оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамыту және жаҺандық құзіреттіліктерін арттыру, мәселені бірлесе шешу мен креативті ойлау дағдыларын жетілдіру аясында берілетін мәнмәтіндік тапсырмалардың құрылымы мен ерекшеліктері, оларды шешудің тиімді әдіс-тәсілдері көрсетілді. Педагогтарға ақпарақтық-әдістемелік көмек беріліп, дидактикалық материалдардың электронды нұсқалары таратылды.
Аталған іс-шараға Меркі, Қордай, Талас, Т.Рысқұлов, Сарысу, Шу аудандарынан 108 педагог қатысты.