2022 жылдың 3 қараша күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының шығармашылық зертханасы жобасы аясында шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтардың озық іс-тәжірибелерін тарату мақсатында «Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі формалары мен әдіс-тәсілдері» тақырыбында облыстық шеберлік сынып (zoom бейнебайланыс режимінде) өткізілді. Аталған іс-шараға барлығы 100 педагог қатысты.
Іс-шара барысында Жуалы ауданы, №29 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Мориеваның «Мектеппен отбасы ынтымақтастығын құндылықтар арқылы нығайту», №2 Мынбұлақ орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Муратаеваның «Тұлға қалыптастыруда мектеп құндылықтары негізінде тәрбие процесін іске асыру жолдары», №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Қырғызбаеваның «Жас ұрпақты құндылықтар арқылы тәрбиелеу» тақырыптарында шеберлік сыныптар көрсетіліп және озық іс-тәжірибелерімен ой бөлісті, қатысушылар тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен үйлестіру бойынша әдістемелік көмектер алды.