«Үздік педагог» атағын беру конкурсының ІІ кезеңі өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұймдастыруымен педагогтар мәртебесін көтеру және оны қалың жұртшылық арасында насихаттау мақсатында «Үздік педагог» атағын беру конкурсының ІІ кезеңі ағымдағы жылдың 7, 8 маусым күндері өткізілді. Екі кезеңнен өткен педагогтардың жұмыстары 21 маусымға дейін виртуалды дауыс беру үшін білім басқармасының сайтына орналастырылады.
«Үздік педагог» атағын беру конкурсының І кезеңіне облыс бойынша аудандық(қалалық) білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты білім мекемелерінен 162 педагог, кәсіптік және техникалық колледждерінен 32 оқытушы қатысты. Ал конкурстын ІІ кезеңіне аудандық(қалалық) білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты білім мекемелерінен 18 педагог, кәсіптік және техникалық колледждерінен 5 педагог өтінім беріп, конкурсқа қатысушылардың құжаттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес қабылданды.
Конкурстың іріктеу кезеңінде қатысушылар өз пәндері бойынша тест тапсырмаларын орындады.