Оқу-әдістемелік кабинеті туралы - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқу-әдістемелік кабинеті туралы

Аудандарда әдістемелік десанттар өтті

Педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру мақсатында 2018 жылдың 21 желтоқсан күні          Жуалы, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Сарысу, Шу аудандарының әдістемелік кабинеттері әдістемелік десанттар өткізді.

Іс-шара барысында мектеп директорлары, мектеп директорының орынбасарлары, пән мұғалімдері, барлығы 325 педагогқа әдістемелік көмек көрсетілді.

Әдістемелік десантта әдіскерлер мен озық тәжірибелі мұғалімдер сабақтарға қатысып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған панорамалық сабақтар, шеберлік сыныптарын өткізді.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында биология пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сыныптары өтті

2018 жылдың 24 желтоқсанында zhambul_obl_metod бөлмесінде облыстық  үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің биология пәні мұғалімдері «Биология пәні сабақтарында оқушылардың қызығушылығын арттырудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында, Айша-бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған  «Білім-Инновация» мектеп-интернатының биология пәні мұғалімдері «Биология сабағын ақпараттық компьютерлік технология арқылы түсіндіру» тақырыбында биология пәні мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сыныптарын өткізіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті, түрлі әдіс-тәсілдер туралы мағлұматтар берді.

Аталған іс-шараға облыстың  386 педагогі қамтылды.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында математика пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сыныбы өтті

2018 жылдың 19 желтоқсанында zhambul_obl_metod бөлмесінде облыстық  дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» мектеп-интернатының физика пәні мұғалімі Жумадилов Ержан «Оқушыларды олимпиадаға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында физика пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сыныбын өткізіп, мектепішілік олимпиададан халықаралық олимпиадаға дейінгі тапсырмалардың түрлері, білім алушыны олимпиадаға дайындау, қажетті әдістемелік құралдар туралы мағлұматтар берді. Аталған іс-шараға облыстың  249 педагогі қамтылды.

«Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру жағдайында баланы әлеуметтік және психологиялық қолдау» тақырыбында облыстық семинар өтті

2018 жылдың 24 желтоқсан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің базасында www.sabak.kz  сайтында жалпы білім беретін орта мектептердің педагог-психологтарына әдістемелік көмек көрсету және тәжірибелік тұрғыда кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру жағдайында баланы әлеуметтік және психологиялық қолдау»  тақырыбында онлайн режимінде облыстық семинар өтті. Аталған іс-шараға барлығы 240 педагог-психолог қатысты.

Тараз қаласында әдістемелік десант өтті

Облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен оқу-тәрбие сапасының деңгейін арттыру мақсатында 2018 жылдың 20 желтоқсан күні Тараз қаласындағы №30 мектеп-гимназияның, №35 орта мектебінің, Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының және №35 «Ертөстік» бөбекжай-бақшасының базаларында «Білім берудегі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың негізі» атты облыстық әдістемелік десант өтті.

Әдістемелік десантқа директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, директордың құқық, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері (мектепалды даярлық, мектепке дейінгі ұйым педагогтары, бастауыш сынып, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, физика, химия, биология, тарих, география, информатика, денешынықтыру, АӘД, көркем еңбек, өзін-өзі тану, психолог, әлеуметтік педагог), барлығы 722 педагог қатысты.

Секция жұмыстарында білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған шеберлік сыныптары мен коучингтер, панорамалық сабақтар, психологиялық тренингтер өткізіліп, электронды таратпалы материалдар ұсынылды.