Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық іс-тәжірибесін тарататын 40 базалық мектептердің 6-8 сыныптарға сабақ беретін мұғалімдеріне арналған облыстық семинар-тренинг өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің «Zhambil_Obl_Metod» бөлмесінде 2019 жылғы 8 қаңтар күні облыстық оқу-әдістемелік кабинеті Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесе отырып, «Жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерін оқыту барысында қалыптастырушы және жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру жолдары» тақырыбында онлайн режимінде семинар-тренинг өткізді. Аталған іс-шараға информатика пәнінен – 216, химия пәнінен – 280, биология пәнінен – 256, физика пәнінен – 231, математика пәнінен – 569, география пәнінен – 390, жаратылыстану пәнінен – 365, жалпы 2307 педагог қатысты.
Іс-шара барысында 6-8 сыныптарға сабақ беретін жаратылыстану-математикалық бағытындағы пән мұғалімдері жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру барысында басшылыққа алынатын құжаттар, тест спецификациясы, қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу мен сараптамадан өткізу жолдары бойынша тәжірибе алмасты.