«Көркем еңбек пәнінде оқушылардың шығармашылық құзыреттіліктерін арттыруға бағытталған тапсырмалар» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум өтті.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 28 наурыз күні Тараз қаласы №12 мектеп-гимназиясында көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған «Көркем еңбек пәнінде оқушылардың шығармашылық құзыреттіліктерін арттыруға бағытталған тапсырмалар» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум өткізілді. Жалпы 50 мұғалім қамтылды. Семинар-практикум аясында Техникалық шығармашылық орталығының қосымша білім беру педагогтары шеберлік сабақтарын өткізді, сабақтар 1 секция аясында «Үлпілдек сымнан бұйымдар жасау технологиясы», «Аралас техникада киіз үй үлгісін жасау», «Аралас техникада киіз үй үлгісін жасау», «Сазбалшықтан кейіпкерлерді мүсіндеу», «Элементы оформления торта из кондитерской мастики» тақырыптарында, 2 секцияда «Создание релефных панно с помошью сторительных материалов», «Создание релефных панно с помошью сторительных материалов», «Гипстен декор бұйымдарын жасау технологиясы», «Изготовление ракеты класса S-6-А» тақырыптарында тәжірибелік сабақтар өтті. Іс-шара барысында мұғалімдер түрлі өнер техникасымен танысып, тәжірибелік жұмыстар орындап, кәсіби құзыреттіліктері, шығармашылық құзыреттіліктері артты.