Оқу-әдістемелік кабинеті туралы - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқу-әдістемелік кабинеті туралы

Ұлт зиялысы Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай «Ұрпақ тәрбиесі: ар ілімі» республикалық онлайн семинар өтті

2023 жылдың 7 маусым күні ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен Ұлт зиялысы Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай «Ұрпақ тәрбиесі: ар ілімі» республикалық онлайн семинар өткзілді. Аталған іс-шараға Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және өңірлік әдістемелік орталықтардың тәрбие бөлімінің басшылары, республика бойынша білім беру ұйымдары директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер мен пән мұғалімдері 300-ден аса педагогтер қатысты.
Шәкәрім шығармаларындағы рухани-адамгершілік тұлғалық құндылықтарды заманауи әдіс-тәсілдер арқылы білім алушылардың бойына сіңіру жолдарын көрсету, талдау мақсатында ұйымдастырылып өткізілді. Іс - шара барысында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының «Тұлғаны әлеуметтендіру және тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің жетекшісі Келдибаева Гульзат Елемесқызы “Шәкәрім мұраларының тәрбиелік мәні”, дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының мұғалімі Дүйсенбаев Базарбай Рысбайұлы «Шәкәрім шығармаларындағы жан саулығы» тақырыбында бала тәрбиесіне Шәкәрімнің педагогикалық идеяларын енгізу мен оны тәжірибеде жүзеге асыру барысында әріптестеріміз өз тәжірибелерімен ой бөлісіп пікір алмасты.

"МЕНІҢ ТУЫМ-МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ!" АТТЫ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІ
4-маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясынан "Менің туым-менің мақтанышым!" атты жалпыұлттық челленджін қабыл алды.

Облыстық семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 26 мамыр күні «Инклюзивті білім беру: "БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ, КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ» тақырыбында облыстық семинар өтті. Аталған іс-шараға 150 педагог қатысты.
Семинарда инклюзивті білім беру барлық адамдарға тең қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, бірақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға ерекше жағдай жасайтын балалардың кез-келген кемсітушілігін жоққа шығаратын идеологияға негізделген қызмет жүйесі екені айтылды. Білім алушының ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтап, бағалап, сонымен қатар, ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу арқылы, ерекше білім алуды қажет етететін балалардың дамуына мүмкіндік жасау қажеттігі педагогтер мен білім алушының отбасына консультативтік-әдістемелік көмек көрсету, оқыту, білім беру процесі туралы түсіндірілді.

ОБЛЫСТЫҚ «ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ҮЗДІК ҰЙЫМ» КОНКУРСЫНЫҢ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2023 жылы 29 мамырда Жамбыл облысы әкімінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 30-ө өкімімен құрылған «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсының комиссия мүшелерінің отырысы өтті. Конкурстың облыстық кезеңі жалпы білім беретін мектептердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және жоғары рейтингтік көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында өткізілді.
«Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындайтын конкурсының ІІ кезеңіне аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінен ұсынылған, барлығы 11 жалпы білім беру ұйымдарының құжаттар топтамасы қаралды.
Конкурстық комиссия мүшелерімен конкурсқа қатысушы білім беру ұйымдарын іріктеу «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсының өткізілу қағидаларының бағалау өлшемдеріне сәйкес, оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын енгізу, сапалы білім беруді қамтамасыз ету, білім беру процесін кадрлармен қамтамасыз ету, материалдық-техникалық қамтамасыз ету мен білім беру ұйымын жарақтандыру және жабдықтау, білім алушылардың денсаулығын сақтау үшін жағдай жасау, педагогтар мен басшылардың кәсіптік және өзін-өзі көтеруі үшін жағдай жасау, инклюзивті білім алуға жағдай жасау, соңғы үш жыл ішіндегі оқушылардың оқу рейтингтік жоғары көрсеткіштері, білім беру сапасын басқару, білім сапасын ішкі және сыртқы бағалаудың нәтижелері, халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру бойынша орта білім беру ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін анықтау критерийлері арқылы жүргізілді.

«Аймақ әдебиеті мұралары: ізденіс, тәжірибе» атты облыстық диалог алаңы өтті.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалы мен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен аймақ әдебиетін насихаттау, ақын-жазушылардың шығармашылығын дәріптеу арқылы қазақ әдебиеті пәнін оқытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын айқындауға жұмылдыру мақсатында 2023 жылдың 26 мамыр күні «Аймақ әдебиеті мұралары: ізденіс, тәжірибе» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған облыстық диалог алаңы өтті.
Іс-шараға Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, аймақтық менеджмент академиясының, Қазақстан Жазушылар одағының, журналистер одағының мүшесі, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз универмитетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Меңдібай Әбілұлы, Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының бөлім меңгерушісі Қожамарова Назым қатысып, қазақ әдебиетін оқытудың тиімді жолдары туралы тұшымды ойларымен бөлісті. Тәжірибелі педагогтер «Қазақ әдебиетін оқытуда балалар әдебиетінің алатын орны», «Аймақ ақын-жазушылары шығармаларының идеялық-көркемдік ерекшелігі», «Шерхантану-жазушының алтын қазығы», «Жамбыл жауһарлары», «Шерхантану» курсы және Шерхан шығармаларын оқытудың өзекті мәселелері», «Бауыржантану» курсындағы патриотизм мен ұлттық құндылықтар-жеке тұлға азаматтығын тәрбиелеудің құралы», «Асанбайтану» клубы, «Әулиеата әдебиеті және оның рухани құндылықтары» тақырыптарында ой бөлісті.
Іс-шара барысында педагогтер жергілікті ақын-жазушылардың шығармалары насихатталып, тарихи-мәдени мұрасын сақтау және дамыту, оны одан әрі байыту, олардың негізінде жас ұрпаққа жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеу туралы ой қозғады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін, әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық потенциалын арттыру, кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау мақсатында пән мұғалімдеріне ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.
Дөңгелек үстелге 55 педагог қатысты.