Оқу-әдістемелік кабинеті туралы - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқу-әдістемелік кабинеті туралы

«Использование методов активного обучения по формированию читательской грамотности учащихся» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 10 қазан күні «Мақсатты мектептер» жобасы аясында аудандар мен Тараз қаласының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, оларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Использование методов активного обучения по формированию читательской грамотности учащихся» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтіп, белсенді оқытудың әдістері, заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды пайдаланудың тиімділігі туралы іс-тәжірибелер ұсынылып, дидактикалық материалдар таратылды.
Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің және «Мақсатты мектептер» жобасына енген мектептердің пән мұғалімдері, барлығы 140 педагог қатысты.

   

Облыстық дөңгелек үстел өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 9 қазан күні психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің арнайы мамандарының қатысуымен «Отбасы және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жағдайында балалардың сөйлеуін дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шарада инклюзивті білім беруді дамытудағы педагогтердің кәсібилігін арттырудың жолдары, нормативтік-құқықтық құжаттардың орындалуы бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді. Отбасы және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жағдайындағы балалардың сөйлеу қабілетін дамытудың тиімді жолдарын анықтап, педагогтердің жаңашыл идеяларын жүзеге асырудағы тәжірибелерімен өзара бөлісті. Іс-шараға аудандық, қалалық психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің 35 педагогі қатысты.

Мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері мен әдіскерлеріне арналған облыстық семинар-практикум өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 30 қыркүйек күні Меркі ауданы «Балбөбек» бөбекжай-бақшасының базасында «Eco Lab» жобасы бойынша озат тәжірибені жинақтау және тарату мақсатында мектепке дейінгі ұйым басшылары мен әдіскерлеріне арналған «Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. Іс-шара барысында балабақша жағдайында тәрбиеленушілерге экологиялық тәрбие берудің тиімділігін тәжірибе барысында көрсете отырып, әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеріп өз бетінше таңдауға мүмкіндік беретін орта қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп, бөбекжай-бақшасының бау-бақшасын, заттық-дамыту орталарының көрмесін тамашалады. Іс-шараға Меркі, Т.Рысқұлов, Шу аудандарының мектепке дейінгі ұйым басшылары мен әдіскерлерінен 48 педагог қатысты.

«Тарих сабақтарындағы цифрлық құзыреттілік» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті

2024 жылдың 9 қазан күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Cамғау» жобасы аясында педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында жас мамандар мен тәлімгерлерге арналған «Тарих сабақтарындағы цифрлық құзыреттілік» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. Семинар-практикум барысында педагогтерге пәнді оқыту ерекшеліктері, сабақты жоспарлау мен дайындау кезеңдері, тапсырмаларды әзірлеу барысында қолданылатын ресурстар, платформалардың түрлері мен тиімділігі бойынша шеберлік сыныбы көрсетіліп, әдістемелік ұсынымдар берілді. Іс-шараға тарих пәнінің және «Мақсатты мектептер» жобасына енген мектептердің пән мұғалімдері, барлығы 124 педагог қатысты.

   

«МАҚСАТТЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫНА ЕНГЕН МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫМЕН СЕМИНАР ӨТТІ

2-күн Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 26 қазанында «Мектептегі білім сапасын басқару: стратегиядан практикаға» атты оқыту семинары өткізілді. Семинар жұмысына білім басқармасы басшысының орынбасары, облыстық оқу-әдістемелік орталығының басшысы, мақсатты мектептердің директорлары, әдіскер-менторлар, аудандық және Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері барлығы 90 адам қатысты. Семинарға қатысқан Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ш.Усерова «Мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясындағы атқарылып жатқан жұмыстарды ұйымдастыру мен сапалы жүргізуге бағытталған іс-шараларды жүйелі жүргізу туралы мектеп басшыларына бірқатар ұсыныстар айтып өтті. Семинар бағдарламасына сәйкес «Тиімді кері байланыс - команданы сәтті басқарудың кілті: кері байланыстың принциптері мен түрлері, топпен қарым-қатынас жасаудың тиімді әдістері, қызметкерлерді кері байланыс арқылы ынталандыру, ішкі және сыртқы бағалауды жүргізу ерекшеліктері: мектепте білім беру, сапасын жақсарту стратегиясын іске асырудағы бағалаудың рөлі, әкімшілік және педагогтердің өзін-өзі талдауы, ішкі және сыртқы бағалауды жүргізу кезеңдері, халықаралық зерттеулердегі оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалаудың ерекшеліктері, тәуелсіз әкімшілік білім аудитін жүзеге асыруда цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері, оқу үдерісінің сапасын қамтамасыз етудегі цифрлық платформалардың мүмкіндіктері, білім сапасын бақылау кезінде бұлтты технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану, электрондық мәліметтер қорын жобалау, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритмі, мектептің даму стратегиясындағы ата-аналардың рөлі тақырыптарында мектеп директорларына мазмұнды әдістемелік көмектер беріліп, мектеп стратегиясы контекстіндегі мұғалімдердің кәсіби дамуы туралы аймақтағы білім беру ұйымдарының үздік басшыларының табысты тәжірибелері таратылып, мектеп басшыларына оқу-әдіснамалық сүйемелдеу, әдістемелік қолдау жұмыстары жүргізілді. Қатысушыларды ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеу бағытында оқыту сапасын арттыруға бағытталған материалдар қағаз және электронды түрде таратылды.