Информатика пәні мұғалімдеріне арналған семинар-практикум өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы мен «TARAZ HIGH SCHOOL» мектебінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 31 қаңтар күні информатика пәнінің мұғалімдеріне арналған «Мектеп бітірушілерді информатика пәнімен байланысты мамандықтарға бейімдеу және ҰБТ-ге дайындық сапасын арттыру» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.
Мектеп бітірушілерді ҰБТ-ге дайындаудың тиімді әдістерін тарату, тәжірибе бөлісу мақсатында өткен іс-шараға барлығы 57 педагог қатысты.
Іс-шара барысында «Информатика пәнін оқытудағы тәжірибеге бағытталған тапсырмалар», "Модульдер арқылы оқушыларды ҰБТ-ге дайындау" тақырыптарында баяндамашылар өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, «Python бағдарламалау тілі бойынша күрделі оқу мақсаттарын жоспарлау» тақырыбында шеберлік сыныбында программалау тілін оқытудың тиімді тәсілдері көрсетілді.