Мектепке дейінгі ұйым басшыларына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 21 ақпан күні Тараз қаласы, №33 «Айсәуле» бөбекжай-бақшасының базасында мектепке дейінгі ұйым басшыларына арналған «Бөбекжай-бақшадағы «ECO LAB» жобасы: экологиялық тәрбие мен білім берудің моделі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.
Іс-шара барысында білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие, орта және жалпыға міндетті білім беруді ұйымдастыру бөлімінің басшысы А.О.Досыбаева, Түркия мемлекеті «Балыкесир» университетінің профессоры Yasemin Sayan, Ресей мемлекетінен Урал мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Л.В.Моисеева, Бішкек қаласының Ж.Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетінің доценті М.Е.Сейталиев, Алматы қаласы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Т.Б.Байназарова қатысып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара барысында «ECO LAB» жобасын оқу-тәрбие үрдісінде қолданудың тәжірибесі таратылып, экологиялық тәрбие мен білім берудің моделін қалыптастыруда жаңа тәсілдерін тиімді ұйымдастыру жолдары ұсынылды.
Іс-шараға Жетісу, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласының және облыстың аудандық (қалалық) мектепке дейінгі ұйым басшылары, барлығы 55 адам қатысты.